7.2. ТЕҢДІККЕ ҚАТЫСТЫ БАСҚА СҰРАҚТАР
Есепті дайындау барысында теңдікке қатысты
бірнеше
мәселе
анықталды.
Олардың
ара-
сында айрықша маңыздысы – өз ата-аналық
міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарға/рес-
ми қамқоршыларға айыппұл салу туралы заң және
оның іс жүзінде қолданылуы. Бұрынырақ осы Есепте
бұл шараның баланың ата-анасының немесе ресми
қамқоршыларының мінез-құлқының негізгі күрделі
себептеріне ықпал ету ықтималдығы аз екені айтылған
болатын. Бұл шараның теріс әсері, әсіресе, балаларға
және табыс деңгейі төмен отбасыларына тиеді. Біз
осындай істерді әкімшілік құқық бұзушылықтар
ретінде КТМАС емес, балалар құқықтарын қорғау ор-
гандары қарағаны дұрысырық болатыны туралы өз
ұсынысымызды жасадық (жоғарыдағы 4.2 «Әкімшілік
істер» бөлімін қараңыз).
6.13. «Дивергенция» бөлімі КТМАС-қа тұлғаны
қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік
беретін
бірқатар
механизмдер
бастапқыда
жәбірленушіге келтірілген кез-келген залалдың ор-
нын толтыруды талап ететініне баса назар аударады,
бұл кеңінен қолданылатын тәжірибе болып табылады.
Халықаралық стандарттарға сай бұл бопсалауға жол
ашады, сонымен қатар, заңға қайшы әрекет ету қаупі
жоғары балалардың ерекше санатына жататын кіріс
деңгейі төмен отбасынан шыққан балаларды және
334
Ювеналды заңгерлік кеңес өкілі [орналасқан жері туралы
ақпарат алынып тасталған], 18 қыркүйек 2014 ж.
335
Психолог 1, Шымкент [күні көрсетілмеген].
336
Психолог 1, Шымкент [күні көрсетілмеген].
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды кемсітеді.
Осы мәселелерді шешу үшін біз заңнамадан балаға
және оның отбасына дивергенция шарасын қолдану
мүмкін болуы үшін жәбірленушіге келтірілген кез-
келген залал орнын толтыру міндеттемесін алып
тастауға кеңес береміз.
Теңдікке қатысты басқа сұрақтар құқықтық
көмектің, әсіресе, КТМАС-та қаралатын әкімшілік
және азаматтық істер бойынша құқықтық көмектік
қолжетімсіздігімен байланысты. Бұл әділсот жүйесіне
қолжетімділікті және істің әділ қаралу мүмкіндігін
жойып қана қоймай, сондай-ақ, тараптардың сот-
та сөйлеуіне теріс салдар келтіреді. Осы себепті
біз қылмыстық істер жөніндегі қорғаушылардың
тәжірибесін және кәсіби дағдыларын молайту үшін
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету
жиілігін арттыруға, сонымен қатар, азаматтық және
әкімшілік істер, әсіресе, кәмелетке толмаған тұлғаны
тұтқынға алу немесе оны ерекше режимде ұстайтын
білім беру ұйымына немесе девиантты мінез-құлықты
балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына орна-
ластыру (толығырақ мәлімет алу үшін жоғарыдағы 5.2
«Прокурорлар мен қорғаушылар» бөлімін қараңыз)
әлеуетіне ие әкімшілік істер бойынша құқықтық
қолдау көрсетуге кеңес береміз.
КТМАС-қа физикалық қолжетімділік айтарлықтай
қиындық тудыруы мүмкін, әсіресе, егер тараптар сот
өтетін орыннан қашық жерде тұрса және/немесе
КТМАС-на баруға қаражаты немесе мүмкіндіктері
болмаса, қиындықтар көптеп тууы мүмкін. Бірте-бірте
КТМАС санын арттыруға берілген кеңес осы мәселені
шешуге көмектеседі (жоғарыдағы 6.1. КТМАС-қа
физикалық қол жеткізу бөлімін қараңыз). Өтінеміз, 6.5.
«Баланың қатысуы» бөлімі (әсіресе, баланың жасына
немесе біліктілігіне байланысты сот тыңдауына қатыса
алмауы туралы мәселесі), 6.7. бөлімі «Ата-аналар мен
қамқоршылардың қатысуы» (ата-ана қамқорлығынсыз
қалған балалар сотта жеткілікті заңды өкілдікке ие
болатыны кепілдендірілуін қамтамасыз ету) бойын-
ша және 6.8. «Аударма қызметі» бойынша талдау мен
ұсынымдарға назар аударыңыз.
72
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
КТМАС қарайтын істер бойынша сандық және сапалық
мәліметтер жинау мемлекеттік және халықаралық
стандарттар тұрғысынан олардың тиімділігіне және
нәтижелілігіне ықпал етуі мүмкін және тиісті ша-
раларды жасап шығаруға септігін тигізуі мүмкін.
Оған қоса, Бала құқықтары жөніндегі комитет
мүше мемлекеттерді кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі әділсот жүйесін басқаруға қатысты және
кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың ал-
дын алуға және олармен БКҚ
337
қағидаларына және
ережелеріне сәйкес күресуге бағытталған шараларды,
сол сияқты бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру
және бағалау үшін қажетті «бытыраңқы мәліметтерді
жүйелі түрде жинауға» шақырады. Осылайша, КТМАС
судьялары арасындағы жауап берушілердің шама-
мен 17%-ы мәліметтер жинауды және іс қағаздарын
жүргізуді жетілдіру істердің сол соттарда қарау
тиімділігін арттыру үшін қажет деп санайды.
Шынымен, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық ста-
тистика және арнайы есеп комитетінен алынған
статистикалық мәліметтер негізінде кәмелетке
толмағандар қатысатын қылмыстық және әкімшілік
337
Бала құқықтары жөніндегі комитет. Жалпы тәртіптегі ескерту №
10 (2007 ж.) «Кәмелетке толмағандардың істері бойынша әділ
сот жүргізу шеңберіндегі бала құқықтары», 98 тармақ.
істер бойынша кейбір статистикалық деректер
бар
338
болса да, бұл мәліметтер қорында КТМАС-
да қаралған әкімшілік немесе қылмыстық істерге
тікелей қатысы бар көрсеткіштер жоқ сияқты деп
тұжырымдауға болады. Дәл сол сияқты, ҚР Бас про-
куратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп
комитеті ұсынған КТМАС-қа жолданған және онда
қаралған азаматтық істердің жалпы саны бойынша
статистикалық мәліметтер болса да, алынған ақпарат
негізінде бұл мәліметтер қорында КТМАС қараған
азаматтық істердің нысанына нақты қатысы бар
көрсеткіштер жоқ сияқты деп тұжырымдауға болады
немесе осындай істерге қатысқан арыз берушілер
және кәмелетке толмағандар туралы немесе осындай
істердің нәтижесі туралы мәліметтер хабарланған.
338
Қылмысы үшін сотталған кәмелетке толмағандарды саны,
қылмыс санаттары бойынша; қылмысының ауырлық дәрежесіне
сәйкес қылмсытық жауапкершіліктен босатылатын кәмелетке
толмағандар саны; қылмысы үшін сотталған кәмелетке толмаған
қыздар мен ұлдар саны; тағайындалған жаза түрлеріне сәйкес
сотталған кәмелетке толмағандар саны және әкімшілік соттарда
қаралған, ата-аналарға қатысты қозғалған істер саны. Aйна Шор-
манбаева. Бас прокуратура ұсынаған кәмелетке толмағанадарға
қатысты істер бойынша статистикалық талдау, 9 қаңтар 2015 ж.
8. КТМАС ҚАРАЙТЫН ІСТЕРДІ МОНИТОРИНГІЛЕУ
ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАУ
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
73
•
КТМАС қатысы бар мәлімет жинау және мониторинг жүйелеріне арнайы арналған қосымша талдау жасау
мүмкіндігін келесі мақсаттарда қарастырған жөн:
•
КТМАС қарайтын істерге тікелей қатысы бар көрсеткіштерді халықаралық стандарттарға сай дайындау; және
•
Осы көрсеткіштерді жергілікті деңгейде КТМАС істері бойынша мәлімет жинауға және КТМАС бойынша
мәліметтермен ведомстволар арасында, сонымен қатар, үкіметтің әртүрлі деңгейлері арасында алмасуға
қолғабыс ету үшін қолданыстағы мәлімет жинау механизмдеріне немесе мәліметтер қорына енгізу.
КТМАС ҚАРАЙТЫН ІСТЕРДІ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ
ЖИНАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР
74
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
КТМАС қаржыландыру жүйесіне және осы соттардың экономикалық тиімділігіне жан-жақты талдау және
бағалау мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Кейбір әкімшілік істерді аталмыш сот құзыретінен шығару арқылы және кәмелетке толмаған құқық
бұзушылардың қатысы бар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі дивергенция шараларын енгізу арқылы
қол жеткізуге болатын шығындарды үнемдеу мүмкіндігін қарастырған жөн (толығырақ ақпаратты 4-бөлімнің
аяқ жағындағы ұсынымдардан қараңыз).
КТМАС-ТЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫНА
ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР
9. КТМАС-ТЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ
Жоғарыдағы Кесте 16-да көрсетілгендей, КТМАС су-
дьялары арасында жауап берушілердің жартысына
дерлігі (48,3%) бюджетті ұлғайту олардың сол сот-
тарда істерді қарау тиімділігін арттыру үшін қажетті
өзгеріс деп санайды. КТМАС-ты қаржыландыру
жүйесін талдау осы Есептің қарастыру аясынан тыс.
Алайда бұл салада диагностика және зерттеу келе-
шекте жасалатын болады.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
75
10. ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ҰСЫНЫМДАР
Достарыңызбен бөлісу: |