10.1. ТҰЖЫРЫМДАР
КТМАС құру Қазақстанда бала құқықтарын қамтама-
сыз етудегі маңызды және елеулі қадам болып та-
былады. Айтарлықтай қысқа уақыт ішінде КТМАС
бүкіл елде құрылып, қазіргі таңда толыққанды
қызмет атқарып жатқаны таңқалдырады. Жалпы
КТМАС-қа оны кәмелетке толмағандардың істерін
қарауға арналған мамандандырылған форум ретінде
бағалайтын мүдделі тұлғалар мен қатысушылар
белсенді қолдау көрсетуде. Еш күмәнсіз, КТМАС-та
жұмыс жасайтын судьялар өз ісіне адал, кәмелетке
толмағандар мен олардың отбасылары тап болатын
қиындықтар туралы біледі, әрі балалардың ең биік
мүдделерін қамтамасыз етудегі өз рөлдеріне бар
байыптылығымен қарайды. КТМАС-та жұмыс жасап
көрген соң, судьялар мен өзге де мүдделі тұлғалар
бізге КТМАС қызметі туралы, жетістіктері мен
кедергілер туралы, сонымен қатар, олардың пікірінше
КТМАС тиімділігін арттыра алатын және халықаралық
стандарттардың әрі қарай жүзеге асырылуына
септігін тигізе алатын инновациялық идеялар туралы
баяндап бере алды.
КТМАС құзыреттері мен юрисдикциясына келсек,
осы зерттеу КТМАС уақытының айтарлықтай бөлігі
әкімшілік істерге жұмсалатынына назар аудартты.
Бұл КТМАС уақытын ең тиімді пайдалану жолы екені
екіталай. Мәліметтер растағандай, КТМАС қарайтын
әкімшілік істердің айтарлықтай үлесі, әдетте, ата-
аналық міндеттерді орындауға, қамқоршылық/
қорғаншылық және кәмелетке толмағандардың
мінез-құлқын түзетуге қатысты мәселелерді қамтиды,
ал оларды сот өндірісі барысында шешкеннен
гөрі, балаларды қорғау органдарының қызметіне
жатқызған дұрысырақ болар еді. Сондықтан, осы
есеп кейбір әкімшіілк құқық бұзушылықтарды құқық
бұзушылықтар деп қарастыруды тоқтатып, орнына
оларды балалықты қорғау органдарына жолдауды
талап ететін мәселелер деп санауды қарастыруды
ұсынады. Кейбір болмашы әкімшілік құқық
бұзушылықтарды КТМАС юрисдикциясынан шығару
сот уақытын босатуға және ұзақ мерзімді келешекте
сот шығындарын үнемдеуге көмектеседі.
Осы зерттеу мақсаттарында алынған мәліметтер
негізінде
КТМАС-тағы
кәмелетке
толмаған
айыпталушылардың қатысы бар қылмыстық істердің
көпшілігі - мүліктік қылмыстар. Тараптар арасында
бітімге келу мүмкіндігі бар екеніне қарамастан, біз осы
жүйенің сотқа дейінгі дивергенция бағдарламаларын
және жергілікті қоғамға сүйенетін жобаларды, сондай-
ақ, медиацияны кеңінен қолданудан тек ұтатыны ту-
ралы тұжырымға келдік.
КТМАС-та істерді қарауға қатысатын әртүрлі мүдделі
тұлғалар, атап айтқанда, судьялар, бала құқықтары
саласындағы өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді,
бірақ, осы зерттеу мақсаттарында сұхбат жүргізілген
мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі кәмелетке
толмағандардың
істерін
жүргізуде
жеткілікті
дайындықтан өтпеген, сондықтан, осы салада жұмыс
жасаудан бұрын да, осындай жұмыс жасау барысын-
да да міндетті мамандандырылған дайындық курста-
рынан өту оларға пайдалы болады. Осы есеп барлық
мүдделі тұлғалардың КТМАС-тағы істермен жұмыс жа-
сау алдында қажетті біліктілікке ие болуын ұсынады.
Осы ұсыныстардың мақсаты болып әр баланың ең
биік мүдделері әр істе тиісінше бағаланып, бүкіл сот
өндірісі барысында бірінші кезекте ескерілетін жайт
болып қала беруін кепілдендіру табылады.
Қазіргі уақытта облыстардың көпшілігінде бір КТМАС-
тан бар (үш облыста екі КТМАС-тан бар). Біз КТМАС
- аса табысты инновация, әрі іс КТМАС юрисдикция-
сына түссе, халық оған қол жеткізе алуы үшін КТМАС
саны ұлғая беруі тиіс деп санаймыз. Бұл міндетті
түрде жаңа сот ғимаратын тұрғызуды немесе әрбір
КТМАС толық жұмыс уақыты бойы қызмет ететін сот
болуы тиіс дегенді білдірмейді. Жұмыс жасап жатқан
соттар немесе сот мәжілістері залдары КТМАС бо-
лып тағайындалып, қосымша қызмет атқару негізінде,
қажет болғанда, бәлкім, аптасына екі күн немесе әр
айда немесе әрбір екінші айда бір апта бойы мәжіліс
өткізе алады. КТМАС судьялары облыс аумағындағы
елді мекендерге іс-сапармен бара алады немесе
басқа соттардың мәжілістеріне қатысатын судьялар
КТМАС-та қосымша қызмет атқарушы судья ретінде
жұмыс жасау үшін дайындықтан өте алады.
Әлемдегі барлық соттардағыдай КТМАС-ты жұмыс
тәртібі мен қызметі олардың экономикалық тиімділігі
мен нәтижелілігін қамтамасыз ету үшін ғана емес,
сондай-ақ, сот өндірісі халықаралық стандарттарға
және ұдайы даму үстіндегі озық тәжірибеге сай бо-
луын кепілдендіру үшін әрі қарай жетілдіріле алады.
Осы саладағы ұсыныстар КТМАС-қа қолжетімділікті,
тегін құқықтық көмекке қолжетімділікті, істерді қарау
бойынша ішкі ұйымдастыру құрылымын, балалардың
қатысуын, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді
және куәгерлерді қорғаудың арнайы шараларын, жаза
тағайындауды, шешімдерді кідіріссіз қабылдауды, ди-
веренция шараларын және сот залындағы жағдайды
жетілдіруге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |