Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет53/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
10.2.4. ІСТЕРДІ ҚАРАУ БОЙЫНША ІШКІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

• 

Дивергенция  және  әкімшілік  істермен  жұмыс  жа-



сау шараларына қатысты ұсыныстарды әзірлеу және 

жүзеге  асыру  сотта  жиналып  қалған  істер  артатын 

жүкті жеңілдетіп, КТМАС-қа жіберілетін істердің санын 

едәуір  азайта  алатындықтан,  әр  КТМАС-та  істердің 

қаралуын  ұйымдастыру  және  олардың  КТМАС-та 

тиімді  қаралуына  тосқауыл  болатын  кедергілерді 

еңсеру  мәселелерін  шешу  үшін  дисциплинааралық 

басқарушылық  кеңесін  құруға  кеңес  беріледі. 

Әрбір  құрылатын  кеңес  құрамына  КТМАС  суудья-

лары,  өңірлік  полиция,  прокуратура,  Қорғаушылар 

алқасының, Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, 

психолог  және  әлеуметтік  қызметкер,  әрі  диверген-

ция саласында жұмыс жасайтын кез-келген үкіметтік 

емес ұйымдардың өкілдері кіргені жөн. 

• 

КТМАС  судьялары  өңір-өңірді  аралауға,  атап 



айтқанда,  облыстағы  басқа  елді  мекендерге  жүйелі 

түрде  барып,  іс  қарау  мақсатында  КТМАС  ретінде 

тағайындалған  (бірақ  штатында  тұрақты  КТМАС 

қызметкерлері  болмауы  тиіс)  аудандық  соттарда 

істерді тыңдауға кеңес беріледі.

• 

КТМАС  және  ювеналды  әділсот  жүйесі,  әкімшілік 



органдар мен балалардың құқықтарын қорғау орган-

дары  арасында,  әсіресе,  балаларды  құқықтарының 

қорғалуы  үшін  тиісті  органға  бағыттау  қажет  болып 

қалуы  мүмкін  істерде  өзара  үйлестіру  шараларын 

нығайту  мақсатында  әртүрлі  мүдделі  тараптарға 

арналған  сарамандық  ұсыныстар  және  тренингтер 

әзірлеу мүмкіндігін қарастырған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет