Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет51/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69
10.2.2.  МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН  КАДРЛАР  МЕН 

МЕКЕМЕЛЕР

• 

Кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жаса-



уды бастамас бұрын барлық КТМАС судьялары бітіруі 

тиіс кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жа-

сау бойынша міндетті дайындық курстарын әзірлеуде 

қолдау  көрсету  үшін  ҚР  Президенті  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясына  қолғабыс  етуге 

кеңес беріледі.

• 

Үздіксіз кәсіби білім беру жүйесі аясында барлық 



КТМАС  судьялары  жылына  кем дегенде  бір  рет  өтуі 

тиіс  болатын  кәмелетке  толмағандардың  істерімен 

жұмыс  жасау  бойынша  біліктілікті  арттыруға 

бағытталған  қысқа  мамандандырылған  курстар-

ды  әзірлеуде  қолдау  көрсету  үшін  ҚР  Президенті 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясына 

қолғабыс етуге кеңес беріледі.

• 

ҚР  Бас  прокуратураға  және  Республикалық 



қорғаушылар  алқасына  КТМАС-та  істер  жүргізетін 

қызметкерлерге арнап мамандандырылған дайындық 

бағдарламаларын әзірлеуге кеңес беріледі.

• 

Кәмелетке  толмағандардың  істері  бойынша 



мамандандырылған бөлімшелерді әлі құрмаған неме-

се  кәмелетке  толмағандардың  істерімен  айналысуға 

арнайы  өкілеттік  берілген  прокурорларды  әлі 

тағайындамаған  прокуратураларға  аталғандарды 

жүзеге асыруға кеңес беріледі.

• 

КТМАС-та кәмелетке толмағандардың мүдделеріне 



өкілдік  ететін  қорғаушылар  құрамын  кәмелетке 

толмағандардың  мүдделеріне  өкілдік  ету  бойынша 

мамандандырылған  дайындық  курстарынан  өткен 

қорғаушылармен шектеу мәселесін қарастырған жөн.

• 

Тәжірибелі және жоғары білікті қорғаушыларды 



• 

КТМАС-та  кәмелетке  толмаған  айыпталушылардың 

қатысы бар қылмыстық істермен айналысуға ынталан-

дыру  үшін  кәмелетке  толмағандардың  мүдделеріне 

өкілдік  ету  бойынша  мамандандырылған  дайындық 

курстарынан  өткен  қорғаушыларға  тегін  заңгерлік 

көмек көрсететіні үшін төленетін ақы көлемін ұлғайту 

мәселесін қарастырған жөн.

• 

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 33-1 бабында 



(девиантты  мінез-құлықты  балаларға  арналған  ар-

найы  білім  беру  ұйымына  немесе  ерекше  режимде 

ұстайтын білім беру ұйымына орналастыруға қатысты) 

белгіленген  тәртіпте  өтініш  хат  нысаны  болып  та-

былатын  кәмелетке  толмағандар  құқықтық  кеңес 

беру қызметтеріне  және  кәмелетке толмағандардың 

істерімен  жұмыс  жасау  мәселелері  бойынша 

дайындықтан өткен қорғаушының заңгерлік тұрғыдан 

өкілдік  етуіне  қолжетімділігі  болғаны  жөн.  Мұндай 

өкілдік тегін болуы тиіс.

• 

Тегін құқықтық көмекке қолжетімділікті КТМАС-тағы 



әкімшілік және азаматтық істердің басқа да санатта-

рына, әсіресе, әкімшілік іс бойынша өндіріс жүргізіліп 

жатқан  ата-анаға/ересекке  КТМАС  әкімшілік  қамау 

түрінде  жаза  тағайындай  алатын  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар  аясына  дейін  кеңейту  мүмкіндігін 

қарастырған жөн.   

• 

КТМАС 


істеріне 

қатысатын 

әлеуметтік 

қызметкерлердің,  психологтардың  және  педагог 

мамандардың  жеке-жеке  атқару  міндеттері  бойын-

ша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болуын қамтамасыз 

етуге кеңес беріледі.

• 

Әр  КТМАС-та  сот  қарастыратын  әрбір  істе,  соның 



ішінде,  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  туралы 

істерде сот үшін қолжетімді кем дегенде бір штаттағы 

әлеуметтік  қызметкер  тағайындау  мүмкіндігін 



Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

77

қарастырған жөн.



• 

Кез-келген сәтте, КТМАС-қа қажет болғанда, бала-

лар клиникалық психологтары өз кәсіби тәжірибесін, 

білімін  және  психологиялық  қолдауын тегін  көрсете 

алуы  үшін  КТМАС-та  жұмыс  жасауға  тағайындалған 

балалар  клиникалық  психологтарының  санын  бірте-

бірте ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн.

• 

Әлеуметтік 



қызметкер/психолог 

ювенал-


ды  әділсот  істерінде  және  КТМАС-тағы  әкімшілік 

құқық  бұзушылықтар  туралы  істерде,  әсіресе,  жаза 

тағайындау туралы шешім қабылданар алдында (осы 

туралы толығырақ жоғарыдағы «Жазаны тағайындау» 

бөлімінен қараңыз) балаға әлеуметтік байқау жүргізу 

нәтижелері  туралы  есеп  ұсынуын  талап  етуге  кеңес 

беріледі. 

• 

Әлеуметтік  қызметкерлер,  психологтар,  пе-



дагог 

мамандар 

және 

қамқоршылық 



пен 

қорғаншылық  органдарының  өкілдері  КТМАС-та 

қаралатын  істермен  айналысудан  бұрын  кәмелетке 

толмағандардың  істерімен  жұмыс  жасау  бойынша 

міндетті мамандандырылған дайындықтан өтуін және 

олардың дағдылары мен білімі заманауи талаптарға 

сай бола беретінін кепілдендіру үшін КТМАС-тағы өз 

жұмысы барысында міндетті жүйелі оқыту курстары-

нан өтуін қамтамасыз етуге кеңес беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет