«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері



бет15/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Қазақстан Республикасының сараптамалық мекемелері
Қазақстан Республикасында сот сараптаманы жүргізу «ҚР сараптамалық қызмет» туралы Заңға сәйкес, арнайы және жеке органдармен жүзеге асырылады.
«ҚР сараптамалық қызмет» туралы Заңның 20 бабына сәйкес, сот сараптамалық мемлекеттік ұйымдардың жүйесіне кіреді:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органдары;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының сот сараптамасы органдарын, оның ішінде өздерінің функцияларына сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сараптамаларды жүргізу жатқызылған денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық және наркологиялық ұйымдарын қамтитын сот сараптамасының мемлекеттік ұйымдарының жүйесі жүзеге асырады.
Қазіргі таңда, сот сараптамалық қызметті жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдардың ресми тізімдері жоқ. Аталған жағдай заңдылықтардың мәселелеріне жатады. Заңға сәйкес, сот сараптамалық қызметті жүзеге асыратын органдардың нақты тізімі болу керек, сол сияқты мұнда органдардың жүзеге асыратын қызметтері де болуы қажет.
Арнайы әдебиеттерде (Кузнецов О.Г.) аталған органдарға келесілер жатады:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары мен олардың аумақтық құрылымдары, олардың атқаратын қызметтері:

1) ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптама орталығында жүргізілетін сараптама түрлерін басашылыққа ала отырып, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық сот өндірісі салаларында сот-сараптамалық қызметті жүзеге асыру;
2) сот сараптаманы дайындау, тағайындау және оның нәтижелерін бағалауға қатысты судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
3) сот сараптама саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту;
4) сот сараптама түрлерінің тізімдеріне сәйкес, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5) қызмет бағыты бойынша сот сарапшылардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және оларды таңдау.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі жанындағы сот медицина орталығы және олардың аумақтық құрылымдарының қызметіне келесілер жатады:
1) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік саладағы сот өндірістері бойынша сот-сараптамалық қызметтің сот-медициналық сараптама түрлері:

  • тірі адамдардың сараптамасы;

  • мәйіттің сараптамасы;

  • шығу тегі биологиялық заттай дәлелдемелер;

  • іс материалдары бойынша;

  • сот-химиялық;

  • сот-токсикологиялық;

  • криминалистикалық физико-техникалық сараптамасы.

2) сот сараптаманы дайындау, тағайындау және оның нәтижелерін бағалауға қатысты судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
3) сот-медициналық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
4) сот сараптамасының түрлерін жүзеге асырылудың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
5) қызмет бағыты бойынша сот сарапшылардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және оларды таңдау.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірлігінің сот сараптама орталық зертханасы және оның аумақтық құрылымдарының (одан әрі ҚР ҚМ ССОЗ) атқаратын қызметтері:
1) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік саладағы сот өндірістері бойынша сот-сараптамалық қызметтің сот-медициналық сараптама түрлері:

  • тірі адамдардың сараптамасы;

  • мәйіттің сараптамасы;

  • шығу тегі биологиялық заттай дәлелдемелер;

  • іс материалдары бойынша;

  • сот-химиялық;

  • сот-психиатриялық;

  • наркологиялық, токсикологиялық.

2) сот сараптаманы дайындау, тағайындау және оның нәтижелерін бағалауға қатысты судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
3) сот-медициналық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігі жанындағы «Республикалық ғылыми-тәжірбиелік психиатрия, психотерапия және наркология орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, олардың атақаратын қызметі:
1) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік саладағы сот өндірістері бойынша сот-сараптамалық қызметтің тірі адамдардың сараптамасы түрлері:

  • психиатриялық;

  • психологиялық;

  • психолого-психиатриялық;

  • наркологиялық.

2) сот-психиатриялық сараптаманың ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
3) қызмет бағыты бойынша сот сарапшылардың, психиатрлардың, психологтар мен наркологтардың кәсіби дайындығы, біліктілігін арттыру және оларды таңдау;
4) сот-медициналық психиатриялық сараптама саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Сот сараптамасын тағайындағаннан кейін, ол туралы қаулы сараптамалық мекеменің басшысына жіберіледі, оның өкілеттігі заңмен белгіленген. «ҚР сараптамалық қызметі» туралы Заңның 21 бабына сәйкес сот сараптамалық органның басшысы құқылы:

  • егер:

- сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар заң талаптарына сәйкес келмесе;
- осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сот сарапшысы болмаса;
- сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген, сот сарапшысының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса;
- осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы қажетті сот-сараптамалық зерттеу жүргізуге мүмкіндік бермесе, тиісті дәлелдерді көрсете отырып, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды орындамастан және зерттеуге ұсынылған объектілерді сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) қайтаруға;

  • сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға;

  • сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында шет мемлекеттің сот сарапшысын тарту туралы өтініш жасауға;

  • сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) алдында сот сараптама ісін жүргізу мерзімін ұзарту туралы дәлелді өтініш жасауға құқылы.

Сот сараптама органдарының жетекшілері құқылы емес:

  • сот сараптамасын жүргізу үшін қажетті зерттеу объектілерін дербес талап етуге;

  • осы сот сараптамасы органының қызметкерлері болып табылмайтын адамдарды сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) келісімінсіз оны жүргізуге тартуға;

  • сот сарапшысына нақты сот сараптамасы бойынша қорытындылардың мазмұнын алдын ала шешетін нұсқау беруге.

Аталған құқықтармен қатар, Заңның 22 бабына сәйкес, сот сараптама басшыларының келесі міндеттерін көздейді:

  • қаулыны, ұйғарымды (сот сараптамасын тағайындау туралы) алған сәттен кейін, сараптаманы жүргізуді заң талаптарына сәйкес, сол органның нақты сот сарапшысына не комиссия сарапшыларына тапсыру;

  • сот сарапшының тәуелсіздік қағидасын бұзбай, сот сараптамасын жүргізу мерзімінінің, жан-жақтылығының, толықтылығының және объективтілігінің бұзылмауына қадағалау жасау, сараптамалық объектілерді сақтау;

  • сот сараптаманы жүргізудің нәтижесінен мәлім болған деректерді жария етпеу;

  • сараптамалық зерттеуді жүргізу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Заң бойынша сараптаманы сараптамалық мекемеден тыс жүргізуге қатысты ерекше талаптар қойылады. Атап айтсақ, сараптаманы тағайындаған орган міндетті:

  • сот сарапшының құзыреттілігі мен жек басын куәландыру керек;

  • оның процеске қатысушылырының барлығына қатысын анықтауы қажет;

  • сарапшыға қарсылық білдіруге негіз бар жоғын тексеру;

  • сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы шығару;

  • заңмен қарастырылған құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

  • жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескерту;

  • аталған әрекеттерді жасағандығы туралы қаулыда белгілеу және оны сарапшының қолымен куәландыру;

  • сарапшымен берілетін арыздар мен өтініштерді бекіту;

  • өтінішті қанағатттандырмаған жағдайда дәлеледі қаулы шығару.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет