«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


тақырып. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері



бет23/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105
8 тақырып. Сот сараптамасын жүргізудің әдістемелік негіздері

Құқық қорғау органдары мен сот органдары қызметкерлерінің сот сараптама өндірісінің әдістемелік негіздерін білуі – сот-сараптамалық қызметінің саласына арнайы ғылыми білімдерді тиімді тарту бойынша оның институционалды сот-сараптама қызметіне сәйкес келуін объективті бағалаудың міндетті белгісі.
Өз алдына сарапшылардың арнайы білімін қолдануы объектіні зерттеуге қатысты сараптамалық теория және тәжірбиемен әзірленген жүйелік бағыт, ол азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді дұрыс шешу үшін мүдделі. Аталған бағыт сараптамалық міндеттерді шешудің әдісінде өз көрінісін тапты және өзінің нысаны мен мазмұнына қарай сот сараптама теориясының сараптамалық зерттеудің әдістемесінде қалыптасқан.
Сараптамалық зерттеудің әдістемесі сот сараптама пәніне қатысты фактілі деректер мен объектілерді зерттеу мақсатына арналған әдістер мен техникалық құралдардың ғылыми-әзірленген нұсқаудың жүйесі. Біз қарастырып отырған жағдайда, жүйе дегеніміз сараптама процесінде интеллектуалды және техникалық әлеуетті қолданудың реттілігі мен мақсаттылығы.
Әдістеме өзінің мәні бойынша сараптама алдына қойылған міндеттерді шешуге бағытталған сарапшы әрекетінің алгоритмі болып табылады. Бұл жағдайда таным процесінің сатылылығын ескерген жөн, сол арқылы игерген білімнің негізінде зерттеу мақсатынан оның нәтижесіне көшуге болады.
Таным процесінің сатылылығы оның құрамында сатылардың бөлінуін білдіреді қажетті нәтижеге жетудің міндеттерін шешумен қамтамасыз етеді. Сараптамалық зерттеудің әдістемесін бағалауда келесі сатыларды бөліп көрсеткен жөн: дайындық, аналитикалық (объектілерді бөліп зерттеу), синтездеу (объектілерді салыстырып зерттеу), нәтижелеу (зерттеу нәтижелерін бағалау), қорытынды (нәтижелерді рәсімдеп бекіту).
Әрбір аталған саты өзінің мазмұнына сай және ондағы әдістемелік талаптардың орындалуы сараптамалық міндеттердің шешілуі мен дәлелдеу субъектілерінің сарапшы қорытындысының дұрыс бағалануының кепілі. Әр біреуіне жеке-жеке тоқталайық, сол арқылы сот сараптамалық зерттеудің негізі шешіледі.
Дайындық сатысы сарапшының іс материалдарымен танысудан басталады, бұл процестің барысында алғашқы деректер талданып, шешілуге жататын сұрақтары нақтыланады және сараптамалық зерттеудің әдістері мен ғылыми-техникалық құралдары таңдалады.
Сонымен, сараптама өндірісі тікелей сарапшымен жолдамалы хатты (қаулы, ұйғарым), іс материалдарының объектілері – заттай дәлелдемелерді алудан басталады.
Сот сараптамасын тағайындауға қатысты процесуалдық заңнаманың талаптары бұзылса, сарапшы үш күннен кешікпей сараптама тағайындаған тұлғаға хабарлайды.
Сарапшы объектінің әсіресе сыртқы көрінісіне аса назар аударуы керек, яғни объектіні алу, сақтау, буып-түю және жеткізу ережелерінің сақталуына және олардың жеткілігіне, зерттелу үшін жарамдылығына көңіл бөлуі қажет.
Егер сарапшыға қосымша материалдар қажет болса, мұндай материалдар сараптама тағайындаған органмен сұратылады. Аталған жағдайда сараптаманың мерзімі өтініш түскен, қосымша материалдар алған күннен немесе өтініштен бас тартқан күннен басталып тоқтатылады.
Өтінішті қанағаттандыру мүмкін болмағанда немесе одан бас тартқан жағдайда материалдар орындалмай қайтарылады.
Зерттеу үшін жіберілген алғашқы деректер толық, жеткілікті және жарамды болған кезде, сарапшы сараптаманың алдына қойылған сұрақтардың мәнін құқықтық және дұрыстығы жағынан анықтайды.
Бір уақытта сарапшының құзыреттілі мен материалды-техникалық базаның зерттеу үшін жарамдылығы тексеріледі.
Зерттеуге дейін сарапшы келесі жағдайларға сәйкес көзі жетсе:

  • алдына қойылған сұрақтар сарапшының білімінің шеңберінен тыс;

  • ұсынылған материалдар жарамсыз немесе қорытынды беру үшін жеткіліксіз, оларды толықтыру мүмкін емес;

  • қойылған сұрақтарға ғылымның жағдайы мен сараптамалық тәжірбие жауап беруге мүмкіндігі жоқ, сарапшы қорытынды беру мүмкін еместігі туралы негізделген қорытынды беріп және оны сараптама тағайындаған тұлғаға жібереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет