Тірі адамдарды сот сараптамалық зерттеу ерікті және еріксіз тәртіппен жүзеге асады. Егер, сот сараптамасы ерікті тәртіппен жүзеге асырылса, сот сараптама органына зерттелуге жататын тірі адамның жазбаша түрдегі келісімі қажет.
Егер сараптамалық зерттеуге жататын адам 18 жасқа толмаса не сотпен әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, аталған тұлғалар үшін келісімді олардың заңды өкілдері немесе қамқоршы органдар береді.
Тірі адамдарды сот сараптамалық зерттеу еріксіз тәртіппен жүзеге асырылуы заңда тікелей көрсетілген.
Сот сараптамасын алдын-ала тергеуде тағайындауға құқылы субъектілерге анықтаушы, тергеуші, прокурор (егер қылмыстық істі қозғау не қозғамау мәселесі прокурормен көзделсе).
Заңмен егер сот сараптамасын жалпы ережелерге қатысты жүргізу мүмкін болмаса, сот сараптамасын бір рет қана тағайындаудың жағдайлары қөзделген. Заңға сәйәкес, сот сараптамасын бір рет қана тағайындаудың келесі жағдайлары көрсетілген:
сарапшы ретінде шетел мемлекетінің тұлғасы тартылса, шетел мемлекетінің сарапшысының Қазақстанда сот сараптаманы жүргізудің тәртіптері ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексімен және «ҚР Сот сараптамалық қызмет» туралы Заңымен реттеледі.
Сонымен, бір реттік сараптаманы жүргізу тек ерекше жағдайларға қатысты орын алады.
Сот сараптамасын заңды негізге қатысты тағайындалуы қаулы болғандықтан, заңда оны құрастырудың талаптары көрсетілген. Мәселен, аталған құжаттың құрылымы қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген және ол кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімінен тұрады. Кіріспе бөлімі өзінің құрамына келесі мәліметтерді кіргізеді: