«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Істі сот талқылауына дайындау тәртібінде



бет19/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Істі сот талқылауына дайындау тәртібінде АІЖК 91 бабына сәйкес, судья сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарым шығаруға құқылы. Судья сараптаманы тағайындау туралы шешімді шығарғаннан кейін, тараптарды талапкердің не жауапкердің сараптаманы тағайындау туралы өтінішін қараудың уақыты, орны туралы хабарлайды. Бірақ, аталған тұлғалардың сотқа келмеуі өтінішті қарауға кедергі болмайды. Судья сотқа келген тараптарға сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды құрастыру құқықтарын түсіндіреді, бірақ сараптаманың алдына қойылатын нақты сұрақтар тізімін судьяның сараптаманы тағайындау туралы ұйғарымында көрсетіледі.
Сарапшының алдына ғылым, техника, өнер саласында арнайы білімді қажет ететін сұрақтар ғана қойылады. Сот құзыреттілігіндегі құқықтық мазмұндағы сұрақтар сараптама алдына қойылмайды.
Сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым ҚР АІЖК 344 бабында көрсетілген тәртіпке сәйкес шағымдалады.
Аталған сатыда сараптама тағайындаудың негізгі мақсаты сот талқылауына толық көлемдегі дәлелдемелік ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан, сараптаманы сотқа дейінгі кезеңде тағайындаған дұрысырақ.
Жоғарыда көзделген сатыға қатысты АІЖК 305 бабына сәйкес, судья азаматтың психикалық ауруы немесе психикасының бұзылуы, ақылының кемiстiгi немесе психикасының өзге де сырқатты хал-жайы туралы деректер жеткiлiктi болған жағдайда iстi соттың қарауына әзiрлеу тәртiбiмен оның психикалық жай-күйiн анықтау үшiн сот-психикалық сараптама тағайындайды. Әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы iс қозғалған адам сараптамадан өтуден көрiнеу жалтарған жағдайда сот психиатрдың қатысуымен өтетiн сот отырысында азаматты сот-психиатриялық сараптама мәжбүрлеп жiберу туралы ұйғарым шығара алады.
Азаматтық істер бойынша сараптама тағайындау сот талқылау барысында орын алуға жол беріледі (АІЖК 91 б.). Алғашқы сараптама дайындалу сатысында орын алса, оған қатысты қосымша не қайталама сараптама жүргізілуге жол беріледі. Қажет болға кезде, сараптама қорытындысы жарияланғаннан кейін сарапшыдан жауап алынуы мүмкін. Іске қатысқан әрбір тұлға, сотқа сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды ұсынуға құқылы. Егер, судья ұсынылған сұрақтарды сарапшыға қоюға тыйым салса, оны сот негіздеуі қажет. Сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымға шағым не наразылық келтірілуі мүмкін.
Сол сияқты азаматтық іс жүргізу заңымен көзделген өзге де жағдайларға назар аударылуы қажет:

  1. Егер тараптар сараптамаға қатысудан бас тартса немесе оның жүргізілуіне кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, зерттеу үшін материалдар беруден бас тартса, сотқа объектілерді жеткізу мүмкін болмаса), ал мән-жайларға сәйкес, бұл тараптарсыз сараптаманы жүргізу мүмкін емес болса, сот қай тарап сараптамаға қатысудан жалтарып отырғандығын анықтап және оның іс үшін қаншалықты маңыздылығын белгілеген соң сараптаманы тағайындауды мүмкін немесе мүмкін емес деп табады.

  2. Азаматтық істер бойынша сараптама зерттеу мазмұнына, объектілерді сотқа жеткізу мүмкіндігіне қарай сотта немесе соттан тыс жерде жүргізіледі.

  3. Сараптамалық зерттеу объектілерінің шынайлығына, жол берушілігіне сот кепіл етеді.

  4. Іске қатысушылар сараптама жүргізілуіне қатыса алады, егер олардың қатысуы соттан тыс жерде өткізіліп, сарапшылардың жұмыстарына кедергі келтірмесе. Қатысушы тұлғаларға сараптамаға қатысуға тыйым салынбаса, олар сараптаманың орны мен уақыты туралы алдын-ала ескертіледі. Олардың белгіленген жерге келмеуі сараптаманың жүргізілуіне кедергі болмайды.

  5. Егер сараптама соттан тыс жерде жүргізіліп және іске қатысушы тұлғалар келсе, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот шешеді.

  6. Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті емес, қорытындымен келіспеушілігін сот негіздеу қажет.

Азаматтық процесстегідей әкімшілік процессте де сот сараптамасының тағайындалуы мен жүргізілу тәртібі бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет