«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет26/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Альтернативті (ұқсас) нәтиже – аталған екі фактінің біреуі орын алған жағдайды айтамыз. Аталған жағдайда дұрысырақ шешімді іс бойынша бар дәлелдемелердің жиынтығын бағалай отырып, дәлелдеу субъектісі таңдайды. Тәжірбиеде шартты нәтиже деген ұғымдар кездеседі, олар белгілі бір жағдайлар орын алған кезде оң нәтиже береді.
Қорытынды нәтиже - сараптамалық зерттеудің нәтижелерін рәсімдеуді білдіреді. Сараптамалық тәжірбиеде мазмұнды сараптамалық зерттеулер өзінің орнын сараптамалық қорытындыларда таппайды және керсінше, сапасыз нәтижелер қағаз жүзінде дұрыс рәсімделіп, көзбояушылық туғызады. Егер бұрмалау фактісін дәлелдеу субъектілерімен сарапшының қорытындысын біліктілік деңгейде бағалау мүмкін болса, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінің толық еместігін, сол сияқты сарапшы қорытындысын рәсімдеудің әдістемелік қателіктерін барлық жағдайда түзеу мүмкін емес.
Сарапшы қорытындысын рәсімдеудің қателіктерін аталған құжатты рәсімдеу ережелерін нормативті реттеу арқылы түзету мүмкін. Сарапшы қорытындысының мазмұны мен нысаны ҚР ҚІЖК 251 б., 2 бөлімінде және сот сараптама өндірісінің Нұсқауында, сонымен қатар ҚР Әділет Министрлігінің Сот сараптама орталығының арнайы зерттеулерінде бекітілген (ҚР Әділет Министірлігінің 2002 жылғы 24 қазандағы N 158 бұйрығы) .
Сонымен қатар, жоғарыдағы жағдайларды талдай отырып, сот сараптама зерттеулерін жүргізуі әдістемесі сот сараптама нәтижелерін бағалаудың қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, сараптамалық зерттеудің алуан-түрлі әдістемелік факторларын ескеру қажет, оларды тиімді жүзеге асыру кезінде туындайтын сұрақтарды шешу үшін сол мамандық мамандарының көмегіне жүгіну қажет.


9 тақырып. Сарапшының қорытындысы: құрылымы, мазмұны және бағалануы

Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызметі туралы» Заңының 1-ші бабына сәйкес, сарапшының қорытындысы – сот-сараптамалық зерттеудің реті мен нәтижелерін көрсететін заңға сәйкес рәсімделген құжат.


Сот өндірісінде сарапшының қорытындысы екі түрлі мәнге ие, біріншіден сот дәлелдемесінің түрі ретінде, екіншіден дәлелдеме көрсетілген процессуалды акті.
Сарапшының қорытындысы процессуалды акті ретінде рәсімделуі бірқатар процессуалды талаптарға ие. Сараптаманың қорытындысын рәсімдеу Қазақстан Республикасының «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заңымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің Сот сараптама орталығында мамандандырылған зерттеулер мен Сот сараптамасын жүргізу туралы нұсқауы Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің 24 қазан 2002 ж. N 158 (өзгертулер мен толықтырулары бар) бұйрығымен және өзге де нормативті актілерімен бекітілген.
Сарапшының қорытындысы өзінің нысаны мен мазмұнына қарай өткізілетін сараптаманың процессуалды мәртебесін (алғашқы, қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді) білдіреді, сол сияқты оларды кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерге бөледі. Сонымен қатар, қосымша ретінде фототаблица, көшірме, сызбалар т.с.с. қорытындыға тіркеледі.
Қорытындының кіріспе бөлімі сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық-басқарушылық аспектісін білдіреді. Мұнда келесі мәліметтер орын алады:

  • сараптаманы тағайындаған орган мен тұлға;

  • сараптаманы тағайындаудың негіздері (белгілі-бір іс бойынша қаулы немесе ұйғарым шығару);

  • зерттеу объектілерінің тізімі (заттай дәлелдемелер, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер);

  • объектілерді жеткізудің тәсілдері;

  • сараптамаға қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер (аты-жөні, процессуалдық жағдайы);

  • сараптаманың алдына қойылатын сұрақтар.

Бірнеше сұрақтар қойылған кезде, сарапшы ол сұрақтарды зерттеудің тәртібіне ыңғайлы ретте бірақ, мазмұнын жоғалтпайтындай топтастыра алады. Егер, сарапшыға қойылатын сұрақтар қаулыда немесе ұйғарымдарда нұсқауларға сәйкес құрастырылмаса, бірақ оның мазмұны сарапшыға түсінікті болса, сарапшы оның алғашқы мазмұның өзінің арнайы білімдеріне сәйкес қалай ұғынатынын мәлімдеуі қажет.
Фактілер құқықтық бағалауды қажет ететін жағдайларда, ескертпе ретінде сарапшы мұндай сұрақтарға жауап беру мүмкін еместігін түсіндіреді: қаулыда сұрақтар көрсетілгенннен кейін, сараптаманы тағайындаған органмен келісе отырып және заңнамаларды басшылыққа ала отырып, өз бастамасымен істің мәнін шешуге бағытталған сұрақтар қоя алады:

  • ақысын төлеуге қатысты азаматтық іс бойынша сараптаманы тоқтата тұру;

  • қосымша материалдар қажет ету туралы сарапшының сұранысы (арыздың берілген күні, оған алынған жауап, оны қарастырудың нәтижелері);

  • сарапшы туралы мәліметтер (сарапшылар): аты-жөні, білімі, ғылыми дәрежесі, сараптамалық мамандығы, еңбек стажы;

  • сарапшыны жалған жауап бергені үшін қылмытық жауапкершілікке тартылуы туралы мәлімет (арнайы зерттеулер жүргізілгенде аталған тармақша орын алмайды).

Қосымша, қайталама, комиссиялық, кешенді сараптама жүргізілгенде, сарапшы қорытындысының кіріспе бөлімінде, жоғарыда аталған жағдайлардан басқа, ерекше түрде сараптаманың түрі көрсетіледі, алғашқы сараптама туралы мәліметтер көзделеді, алғашқы сараптама қорытындысының күні мен номері, сол сарапшының аты-жөні, сараптама органының аталуы, фактілі мәліметтері мен нәтижелері, сол сияқты жаңадан сараптама тағайындалудың негіздері.
Қорытындының зерттеу бөлімінде барлық зерттеу процесі мен оның нәтижелері, анықталған фактілердің ғылыми негізделуі қөрсетіледі, атап айтсақ:

  • сыртқы қарау: сараптамалық зерттеуге жататын объектілердің күйі сипатталады;

  • сараптамалық қараудың, эксперимент жүргізудің мақсаты мен жағдайлары мен нәтижелері көрсетіледі, салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер алынады;

  • сараптамалық зерттеу кезінде қолданылған әдістердің тізімі, оларды қолданудың техникалық жағдайы, алынған нәтижелер;

  • қойылған сұрақтарға жауап беру үшін сарапшымен қолданылатын анықтамалық-нормативті материалдарға сілтеме, зерттеу кезінде қолданылған арнайы әдебиттер, сол сияқты қолданылған иллюстрацияларға сілтеме;

  • тергеу әрекеттерінің нәтижелері (жауап алу, қарау, эксперимент) егер олардың қорытынды беру кезінде маңызы болса;

  • жеке зерттеу мен олардан алынған нәтижелерін бағалау.

Егер, сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап берілмесе, зерттеу бөлімінде оның себептері көрсетіледі.
Зерттеу бөлімі сараптамалық білімі жоқ адамдарға түсінікті тілде жазылады, яғни аталған бөлімде қолданылатын терминдерге қосымша түсініктеме беріп талқылау қажет емес.
Сарапшымен қолданылған әдістемелерді толығымен бағалау мүмкін болғанда, қажет жағдайда, алынған нәтижелердің дұрыстығын тексеру мүмкін болған сәтте ғана зерттеу әдіснамасын қолдануы суреттеледі. Синтездеу бөлімі барлық жасалған зерттеудің нәтижесін білдіреді және жеке бөлім ретінде орын алады, егер:

  • біршама объектілерді зерттеу қажет болса;

  • күрделі объектілерді зерттеу;

  • кешенді әдістерді қолдану қажет болса;

  • кешенді және комиссиялық сараптамалар жүргізген жағдайда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет