«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет34/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Идентификациялық зерттеулер объектілерді бір-бірімен теңдестіру мақсатында жүргізіледі:

  • құжаттарды және олардың үзінділерін жасауға араналған нақты техникалық құралдар (мөрлер, қалам, кассалық аппараттар т.с.с);

  • бүтінді бөлшектеу (жыртылған қағаздардың мазмұнын анықтау арқылы құжатты қалпына келтіру);

  • құжаттарды жасау үшін қолданылған материалдарды теңдестіру (қағаздар, картондар, сиялар т.с.с.);

  • құжаттың пайда болған көздерін анықтау (құжатты дайындау материалдары);

  • құжатты немесе бланкіні техникалық орындаған тұлғаны анықтау.

Біркелкі құжаттарға немесе олардың жеке үзінділеріне қатысты диагностикалық және идентификациялық сұрақтар шешіледі. Сот-тергеу тәжірбиесінде өзінің мазмұны жағынан ҚСТС үш түрінде қолданылатын сұрақтар кездеседі: құжаттардың реквизиттерін зерттеу (қолмен жазылған жазулар мен қолтаңбалар); баспа құралдарының көшірмелері мен құжаттардың материалдарын зерттеу. Кейбір сұрақтарды шешу үшін, құжаттардың реквизиттері мен материалдарын зерттейтін кешенді әдістер қажет. Кейде аталған кешенге техникалық құралдарды (бланкілерді, реквизиттерді дайындауға араналған) зерттейтін әдістер де кіреді.
ҚСТС әдістемелік зерттеудің ерекшелігі – анықтауға қажетті мән-жайлардың диагоностикалық міндеттерді шешкеннен кейін идентификациялық, ал кейде керсінше идентификациялық міндеттер диагностикалық сұрақтарды шешкеннен кейін қажет.
Құжаттардың сот-техникалық сараптамаларының алдына келесі сұрақтар қойылады:

  1. Алғашқы мазмұнының өзгеруіне қатысты жүргізілетін құжаттардың сараптамасы:

  • құжаттың алғашқы мазмұны өзгертілді ма, өзгертілсе қандай әдіспен (тазалау, қосып жазу, өшіру);

  • егер құжаттың мәтіні (сандар, қолжазбалар) өзгертілсе, оның алғашқы мазмұны қандай?

  • негізгі мәтін жазылған соң құжатта сандар, қолжазбалар, әріптер, штрихтер құжатта қосылып жазылған жоқ па?

  • мәтіндік қолжазба (қолтаңба) көшірмелік әдістерді қолдана отырып жасалған жоқ па ?

  • құжаттағы қолтаңба алдын-ала техникалық дайындық (карандаш, көшірме) арқылы орындалған жоқ па ?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет