жазуы және тілі бойынша – ерікті салыстырмалы үлгілер зерттеліп отырған құжаттың тілінде болуы керек;
жазылу уақыты бойынша – ерікті салыстырмалы үлгілер зерттеліп отырған құжаттың жазылу уақытының арасы алшақ болмау керек ( аталған шеңберлер сақталмаса, сараптаманы өткізу, өткізбеуді сарапшы шешеді);
мақсаты мен мазмұны бойынша – жазылған стилінің ұқсас болуы. Мәселен зерттеліп жатқан құжат қызметтік жазба болса, онымен салыстырылатын үлгіде ұқсас стильде жазылу керек.
Қолжазбалардың аталған шеңберлері нақты тұлғада әр түрлі белгілеріне қатысты сипатталады:
қолжазбаның материалдары бойынша - үлгілер зерттеліп отырған құжаттың жазылған құралымен, мүмкіндік болса сондай парақта жазылуы керек. Жазу құралының және қолданылған материалдар қолжазбаның өзгеруіне елеулі әсер етеді. Соның нәтижесінен сарапшыға қолжазбаны орындаған тұлғаны анықтау бойынша қиындықтар туғызады. Әсіресе қолжазбаның өзгеруі жазған құралға қатысты, мәселен, сіріңке немесе плакаттық қаламұш арқылы жазу кезінде байқалады:
орындау шартына қатысты - егер зерттеліп отырған құжат әдеттегідей емес орындалса (тұрып немесе жылжып бара жатқан көлікте), онда ерікті салыстырмалы үлгілер ұқсас жағдайда жасалуы керек;
орындаушының күйі бойынша – егер қолжазба автормен әдеттегідей жан-күйде орындалмаса (ауырып немесе мас күйінде), онда ерікті салыстырмалы үлгілер ұқсас жағдайда жасалуы керек.
Тұлғаның әдеттегідей емес жан-күйі (ауыру, мас күйі, қолының сынуы т.с.с.) барлық жағдайда қолжазбаның өзгеруіне әкеп соғады. Егер ерікті салыстырмалы үлгілер қажетті талаптарға сәйкес алынбаса, онда ол сараптаманы жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Жазбаның мәтіні бойынша – жазу жылдамдығының елеулі өсуінің немесе азаюының әсерінен тұлға жазудың жаңа түріне көше алады (жазба құрылымының күрт өзгеруі орын алуы мүмкін).
Жазу тәсілі бойынша –егер зерттеліп отырған жазба қандай да бір қаріп (мысалы сызбалық) немесе сол қолымен жазылса (оң қолымен әдетте жазса), онда соған ұқсас бос салыстырмалы үлгілерді табуға тырысу керек.
Қолжазбаны сол қолымен жазуын тексеру үшін бос салыстырмалы үлгілерді алу кезінде жазба тура сол қолымен орындалуы керек. Мұндай жағдайда ерікті салыстырмалы үлгілер жалпы талаптарға сәйкес алынады.
Ерікті үлгілерді қажетті көлемде алу, сол зерттеліп отырған қолжазбаның барлық белгілері мен сипаттарын салыстыру үшін жеткілікті болуын айтамыз. Үлгілерді алу санына қатысты біркелкі талаптар жоқ, әдетте ол үлгілер 5-6 беттен кем болмауы керек (жеке ісінің матеиалдары, арыздар, хаттар т.с.с.).
Кейбір кезде зерттеліп отырған жазбаның қысқа болуына қатыстыүлгілер көп болуы керек.
Қолжазбаның эксперименталды үлгілері –бұл қолжазбалар қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істер бойынша тергеуші немесе сотпен тағайындаған сараптамалар үшін жіберіледі. Эксперименталды үлгілер, бос үлгілер сияқты жасалатын талаптарға сәйкес болу керек.
Эксперименталды үлгілердің кемшілігі ретінде қолжазбаны орындайтын тұлғадан үлгі алған кезде, оның қолжазбаны (қолтаңбаны) әдейі өзгертіп жазуын айтуға болады.
Эксперименталды үлгілер салыстыру кезінде қажетті материалдардың бірі болып табылады. Мұндай үлгілерді алудың бірнеше түрлері бар:
тергеушінің жазған мәтінін көшіріп жазу арқылы экспернименталды үлгілер алу (зерттелуге жататын құжатты көшіріп жазуға мүмкіндік бермеу, өйткені ондай жазбаны әдейі көшіріп ұқсастырып жазу орын алады).
Сезіктіден эксперименталды үлгілерді алуының бірнеше сатыдан тұруы аталған тұлғадан қолжазбаларды толық және жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді.
Эксперименталды үлгілердің саны 10-12 беттен кем болмау керек және қажет жағдайларда одан да көп алынуы мүмкін:
егер құжатты жасау мен сараптаманы тағайындаудың арасындағы уақыт ұзақ болса;
егер тергеушіде (сотта) немесе сарапшыда зерттеліп отырған қолжазба әдейі өзгертіліп немесе әдетсіз жағдайда жазылғандығы туралы күмән туса;
егер зерттеліп отырған қолжазба қысқа жазылып, онда кездесетін белгілердің қолжазбада кездеспесе;
Мұндай кезде мақсаты және жағдайлары бойынша қолжазбалардың көп және алуан-түрлі болуы, олардың ұқсас белгілерінің жиі кездесуіне және тұрақтылығын анықтауға, сол сияқты салыстырмалы зерттеуді толық және жан-жақты талдауға, олардың нәтижелеріне дұрыс баға беруге мүмкіндік береді.
Қолжазбаның шартты-ерікті үлгілері –ол қылмыстық іс қозғалғаннан кейін орындалған құжаттағы қолжазбалар. Оларға: іс бойынша материалдар (түсініктеме, наразылық, жауап алынатын адамның жауап алу хаттамасы). Мұндай жағдайларда сарапшыға ерікті үлгілерді алу мүмкін еместігі туралы хабарландырылады. Сараптамалық зерттеуді жүргізу аталған жағдайларда қиындыққа ұшырайды, ал кейде қолжазбаның теңдестіру (идентификациялық) белгілері жеткілікті болса, сарапшының алдына қойылған сұрақтар шешіледі.
Қолтаңбалық сараптаманы тағайындау кезінде салыстырмалық материалдарды дайындаудың ерекшеліктері.Құжаттағы қолтаңбалар – қолжазбалармен салыстырғанда сот-қолжазбалық сараптаманың ең жиі кездесетін объектісі. Өз аты-жөнін жиі жаза бергендіктен жазу-қимыл дағдылары қолтаңбада тезірек қалыптасады. Әр түрлі факторлардың әсер етуінен тұлғада әр түрлі құжаттарға қол қою кезінде әр түрлі қолтаңбасы қойылады.
Қолтаңбаның ерікті және эксперименталды үлгілерінен басқа сезіктіден басқа күдік тудыратын (тергеушімен, сотпен) өзгеде тұлғалардың қолтаңбаларының үлгілері алынады. Ерікті үлгілер ретінде еңбек шарттарында, есептеу түбіртектерінде, арыздарда кездесетін қолтаңбаларды айтамыз. Қолтаңбаның ерікті үлгілері 10-нан кем болмауы керек, ал кейде одан да көп болуы керек. Тергеушімен (сотпен) сезіктілерден және қолтаңбасы жалған түрде орындалған тұлғаның ерікті үлгілерімен қатар, эксперименталды үлгілері алынады. Ерікті үлгілерге еңбек шарттарындағы, арыздағы, төлем түбіртектеріндегі қолтаңбалар т.с.с. жатады. Ұсынылатын бос үлгілердің саны 10-нан кем болмау керек, кейде құжаттарды және оларды салыстыру үшін ұсынылған үлгілерді қарау сатысында, қолтаңбалардың алуан-түрлігі, жазылу-қозғалыс дағдыларының қолтаңба орындағандағы тұрақсыздығы орын алса, үлгілер 10-нан да көп данада ұсынылуы керек.
Қолтаңбалардың эксперименталды үлгілері жеке парақта интервалдың сақталуымен орындалуы керек. Қолтаңбаның үлгілері 30-40-тан кем болмауы керек (жеке парақта 5-6 қолтаңба).
Қолжазбалық сараптама тағайындаудың алдында тергеуші (сот) кімге қатысты сараптама жүргізіледі, соған қатысты ақпарат жинау керек: ұлты, жасы, жынысы, білімі, оқиғаға дейінгі қолжазбасы қандай болды, оқиғадан кейінгі қолжазбасы туралы мәлімет, қай қолымен әдетте жазады, көзілдірік киеді ма, жоқ па, шет тілде жаза алады ма, жоқ па, аталған жағдайлар сарапшының алдына қойылатын міндеттерді шешуге, салыстырмалы зерттеулердің нәтижелерін бағалауға және ерікті, экспернименталді үлгілердің саны мен көлемін анықтауға әсер етеді.