«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы



бет33/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105
Байланысты:
treatise8925

10.2. Құжаттардың сот-техникалық сараптамасы

Құжаттардың сот-техникалық сараптамасының объектілері (ҚСТС) үш топқа бөлінеді:



  1. құжаттың реквизиттері (оларға бланкілер, әр түрлі әдістермен жасалған мәтіндер, мөрлердің көшірмелері, қолтаңбалар, штамптар);

  2. құжаттың материалдары (оларға қағаздар, сиялар, типографиялық бояулар, картондар т.с.с.);

  3. құжаттардың бланкілері мен реквизиттерін дайындауға арналған техникалық құралдар (қалам, мөр, компьютер, принтер, көшірмелі аппарат, кассалық аппарат т.с.с.).

Кейбір кезде аталған сараптамаға типтік емес объектілер жіберіледі, мысалы, матадағы жазулар, алюмин қасығында тырнап жазылған жазулар т.с.с.
ҚСТС пәні азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердегі құжаттардың блакілері мен реквизиттерін жасауға қатысты, сол сияқты жалған құжаттар жасауға қатысты т.с.с. фактілері (мән-жайлары) құрайды. Құжаттардың жалғандығына қатысты сарапшы-криминалист құжаттардың техникалық, ал тергеуші (сот) заңды сұрақтарын анықтайды. Мысалы, құжат мазмұнының өзгеруіне қатысты, алғашқы құжаттың мазмұны өшіру арқылы жойылғандығын анықтау бойынша тергеуші (сот) жойылудың ниетін, мақсатын анықтаса (ақшаның кем шығуы, иемдену т.с.с.), ал сарапшы ақшаның көшірме техникасымен (множитель техники) жасалғанын анықтайды. Осы бойынша сот аталған фактіні ақшалай белгілерді жалған жасау деп саралайды.
Аталған сараптама экономика саласындағы қылмыстар, құқық бұзушылықтарға қатысты, алаяқтық, кісі өлтіру, тонау т.с.с. қылмыстар бойынша тағайындалады.
ҚСТС міндеттері идентификациялық және классификациялық, диагностикалық, ситуациялық болып жіктеледі.
Классификациялық міндеттер компьютердің, принтердің моделін, жүйесін, типін анықтауға бағытталған.
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер келесі мән-жайларды анықтауға бағытталған:

  • құжат және оның үзінділерінің дайындалу тәсілін анықтауға (өзі жазған ба, полиграфиялық әдіспен жасалаған ба) мәтіннің алғашқы мазмұны қандай тәсілмен өзгерген ? (тазалау, қосып жазу, өшіру);

  • құжаттың алғашқы мазмұнын анықтау (арнайы әдістерді қолдана отырып өшірілген, жоғары температураның әсерінен түссіздену арқылы аз көрінетін немесе мүлдем көрінбейтін жазуларды қалпына келтіру);

  • құжаттың жасалу мерзімі (абсолютті, қатыстылығы), сол сияқты штрихтердің хронологиялық түрде жазылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет