«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Диагностикалық, ситуациялық міндеттер



бет58/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105
Диагностикалық, ситуациялық міндеттер келесі сұрақтарды шешеді:

  • тасушы-объектіде (жәбірленушінің киімі т.с.с.) металлданудың іздері бар ма ?

  • Н.,К. есімді сезіктіден алынған заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) қандай тәсілмен жасалған ?

  • нақты заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) және жәбірленушінің киімі өзара үйкелген жоқ па ?

Идентификациялық міндеттер келесі сұрақтарды шешеді:

  • жәбірленушінің жарасынан табылған металлдың бөлшектері сезіктіден алынған заттың (фин пышағы, кастет т.с.с.) бөлшектері болып табылады ма ?

  • салыстырылып отырған заттар (фин пышағы, кастет т.с.с.) мен сезіктіден алынған заттың жасалу әдісі (дайындау зауыты) мен шығу тегіне қатысты ортақ белгілері бар ма ?

  • нақты пышақтың тұтқасы сезіктіден алынған металл мен құймадан жасалған жоқ па ? т.с.с.

Істің мән-жайларына қатысты сарапшының алдына өзге де сұрақтар қойылады.


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға істің мән-жайларына байланысты келесі материалдар жіберіледі:

Пышақ пен киімнің өзара әсер ету контактісін анықтау кезінде, жәбірленушінің киіміндегі талшық материалдарында пайда болатын микроқабаттар, пышақтағы қан іздері зерттеу объектілері болып табылады. Мұндай жағдайда кешенді сараптама тағайындалады, аталған жағдайда зерттеудің дұрыс реттілігін анықтау қажет. Мәселен, ең алдымен талшық заттарын зерттеп, одан соң сот-медициналық сараптама тағайындау керек, соңына суық қаруды зерттеу жүргізген жөн.
Әр бір нақты жағдайға қатысты, шешілетін сұрақтарға сәйкес сараптамаға жіберілетін материалдар тергеушімен (сотпен) анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет