«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет94/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105
Идентификациялық міндеттер:

  • жазу тасушысының рәсімделу бұйымының лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау (құрылым мен материалдарының ерекшеліктері, құқық иеленушінің құқықтарын қорғау құралы);

  • жазу шығармашылығын тасушысының лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау;

  • жазу шығармашылығын тасушысының маркировкасына қолданылған техниканы және оған жататын құралдарды идентификациялау;

  • шығармашылық жазудың тасушысындағы лицензияланған өнімнің аналог-үлгісі бойынша идентификациялау т.с.с.

Аталған сараптаманың шеңберінде келесі сұрақтар шешіледі:

  • «...» атты аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазуының сыртқы бетінің жасалу тәсілі салыстыру үшін ұсынылған лицензиялы ұқсас-үлгіге сәйкес келеді ма;

  • «...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне дизайн суреттері қандай тәсілмен жасалған;

  • «...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетіне салынған дизайн суреттерін салу тәсілі лицензиялы өнімнің ұқсас-үлгісіне салу тәсілімен сәйкес келеді ма;

  • «...» атты шығарманың жазу тасушы өнімнің сыртқы бетінде меншік иесінің белгілер мен құқықтарын қорғау құралдары бар ма;

  • «...» фирмасы логотипінің голографиялық суреті бар жапсырмасы осы өнімді шығарған кәсіпорынымен жасалған ба;

  • дыбыс жазу өнімінің мақсаты және сыртқы бетін жасау үшін пайдаланылған дизайн материалдарының тегі қандай;

  • шығармалардың дыбыс жазу тасушыларының өнімдерін жасау және дизайн суреттерін оған салу үшін пайдаланылған материалдарының жалпы шығу тегі бір ма;

  • зерттеліп жатқан тасушыдағы шығарманың жазулары (суреті, дыбысы, бейнесі) салыстыру үшін ұсынылған ұқсас-үлгінің дәл осындай жазылу көрсеткіштеріне техникалық және сапалық көрсеткіштері сәйкес келеді ма;

  • зерттеуге ұсынылған «...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазуының көшірмесі шығарылуына лицензия берілмеген шығарманың «экранды, көрсетуге арналған, жұмысшы» көшірмесі болып табылады ма;

  • «...» деп аталатын аудиовизуалды шығарманың дыбыс жазу көшірмесі лицензиялы шығарылған өнімнің көшірмесінен басып алынған ба;

  • тасушыдағы фонограмманың дыбыс жазуы аралық аппаратураны пайдаланып, дыбыс жазудың әр түрлі үлгілерінен топтап жинап, монтаждау арқылы жасаған жоқ па;

  • тасушыдағы шығарманың дыбыс жазуы түпнұсқа немесе көшірмесі болып табылады ма, егер көшірмесі болса, онда көшірменің «номері» - «қайта жазудың номері» қандай;

  • зерттеліп жатқан тасушыдағы жазылған фонограмманың қасиеттері мен варианттары тасышу-үлгідегі басылған фонограмманың қасиеттері мен варианттарына сәйкес келеді ма;

  • зерттеліп жатқан фонограммалардың дыбыс жазулары бір аппараттық кешенде жасалған ба (яғни салыстырылып отырған объектілер бір өнім болып табылады ма);

  • зерттеліп жатқан дыбыс жазуында (компакт-дискіде) маркалаушы белгілері бар ма, жоқ болса, олар механикалық әсер етумен жойылмаған ба;

  • зерттеліп жатқан тасушылар (компакт-дискілер) нақты технологиялық құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жасалған ба;

  • зерттеліп жатқан тасушыларға дыбыс жазулары нақты аралық аппаратурасы қолданылып, көшірмесі жасалды ма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет