Классификациялық міндеттер мәтіні бойынша авторды белгілі бір топқа жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы бойынша жатқызу, сол сияқты мәтіннің лингвистикалық, стилистикалық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.
Аталған міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады:
құжатты орындаған адамның жасы, білім деңгейі және жазу-сөйлеу дағдылары;
құжат авторының әлеуметтік жағдайы мен кәсібі;
зерттеліп отырған құжатты орындаған тұлғаның жазу-сөйлеу стилінің (ресми, публицистикалық т.с.с.) ғылыми дағдылары қандай?
қазіргі қазақ, орыс тілдерінің лексикалық типі тіл тигізу лексикалық типке жатады ма?
сөйлемде, сөз тіркесінде немесе сөздерде бір немесе бірнеше типтік тіл тигізу лексикалары бар ма?
Диагностикалық және ситуациялық міндеттермәтінді жасаған кезде оны жасауға әсер еткен жағдайларды анықтауға бағытталған. Мұндай жағдайларға: мас күйінде және есіртке заттарды қолдана отырып жазу, өз сөзін әдейі өзгерту, басқа адамның дауысына ұқсас етіп сөйлеу, жеке сөйлемдердің мазмұнын анықтау т.с.с.
Диагностикалық сұрақтарды шешу кезінде келесі сұрақтар қойылады:
қандай мағынада сөз сөйлемде немесе басылымда қолданылған?
мақала мәтінінің композициялық құрылымы қандай, автор қандай әдеби әдістерді қолданады және олар публикацияның кейіпкерлерін қалай меңзейді?
зерттеліп отырған мәтін белгілі бір тұлғаның сөйлеу дағдысына ұқсас құрастырылған жоқ па?
зерттеліп отырған құжат әдеттегідей емес күйде орындалған жоқ па (мас күйінде)?
Сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың алдына басқа да диагностикалық сұрақтар қойылады, олар адамның ар-намысына, ар-ожданына, беделіне, нұқсан келтірумен және БАҚ мәтіндерінде тіл тигізу сөздерінің бар-жоғына т.с.с. байланысты.
Мәселен, сот-сараптамалық тәжірбие сот авторлық (лингвистикалық) сараптаманың алдына келесідей типтік сұрақтар қоюға болады:
аталған мақалада (радиобағдарлама, телебағдарлама) нақты тұлға (тұлғалар) туралы (оның қызметі, моральдық, адамгершілік қасиеттері) теріс мәліметтер бар ма, нақты қандай сөзде теріс мәліметтер бар және олар қандай нысанда беріледі?
бөлініп көрсетілген сөздердің лингвостилистикалық талдауы нақты, мысалға А. деген азамат, моральдық нормаларды, заңдылықтарды және қағидаларын бұзғанын дәлелдей ма?
аталған абзацтағы мәліметтер не мақала авторының көзқарасы фактілерді мақұлдайды ма (радиобағдарлама, телебағдарлама) ?
мәтіндегі айтуларда азамат А. жеке тұлғасын бұрыс бағалайтын, оның қоршаған адамдардың алдында беделін, өз өзіне сыйлы болу қасиеттеріне нұқсан келтіретін т.с.с. сөздер бар ма?
мәтінде А. есімді азаматтың жеке басына қатысты жалпылама сипаттағы және оның абыройы мен қадір-қасиетін қорлайтын әдепсіз түріндегі теріс бағалау сөздері бар ма?
«...» газетінің ... жылғы № ... санындағы «...» мақаланың мәтінінде («...» телеарнасымен көрсетілген сюжеттерде) А. есімді азаматтың жеке адамгершілік қасиеттерін қорлауға бағытталған ерсі түрде айтылған сөздер бар ма?
«...» газетінің ... жылғы № ... санындағы «...» мақаланың мәтінінде («...» телеарнасымен көрсетілген сюжеттерде) басқа әлеуметтік категориялармен салыстыру бойынша қандай-да бір ұлттық, конфессиялық немесе әлеуметтік топтың атына теріс бағалауы бар сөздер бар ма?
қандай-да бір ұлттың, конфессияның, этникалық топтың өкілдеріне қатысты геноцидті, депортацияны, репрессияны оң бағалау, мақтау сөздері бар ма?
қандай-да бір этникалық, конфессиялық немесе әлеуметтік топтың конституциялық құқықтары мен азаматтардың бас бостандығын шектеуге шақыру талаптары бар сөздер бар ма?
басқа бір топтың есебінен қандай-да бір әлеуметтік топтың пайдасына бағытталған әрекеттерге шақыруға арналған және директивті түріндегі сөздер бар ма және т.б.