«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет50/105
Дата04.04.2023
өлшемі1,08 Mb.
#79053
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін сараптамаға келесі сұрақтар қойылады:

  • із жәбірленушінің, талапкердің иелігіндегі нақты жануарымен қалдырылды ма (сиыр, қой, ешкі)?

  • жануардың терісіндегі тавро зерттеуге ұсынылған тауарлық белгімен қалдырылды ма ?



Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сараптамаға жіберілетін материалдар:

  1. гипстен дайындалған көлемді іздердің көшірмелері, оқиға болған жердегі үстірт іздерді пленкаға түсіру арқылы алынған көшірмелер;

  2. іздердің фотосуреттері, іздердің табылу уақыты мен орналасуы т.с.с. туралы деректері бар қылмыстық істің материалдары;

  3. идентификациялық сипаттағы сұрақтар құрастырылған кезде сараптамаға келесі салыстырмалы материал-үлгілер жіберілуі тиіс:

  • егер оқиға болған жерде көлемді іздер табылса, жануар табанының эксперименталды іздерінің екі-үш көшірмелері, мұндай іздер жалпы және жеке белгілерін нақты көрсететін материалдарда алынуы қажет, үстірт іздердің эксперименталды үлгілерін ұқсас етіп алу керек;

  • зерттеу объектісі ретінде жол іздері болса, олардың эксперименталды үлгісінің саны екі-үш болуы қажет.

Таңбаға және оның өзгеруіне қатысты мәселелерді шешу үшін, жануар терісінің үлгісі берілуі керек.


11.4. Киімдердің механикалық зақымдалуының сараптамасы
Киімдердің механикалық зақымдалуының іздері зақым келтірілген қарудың топтық қатыстылығын, зақым тию салдарының механизмі мен шарттарын анықтауға мүмкіндік тудырады. Аталған сараптаманы жүргізу кезінде әр түрлі міндеттер шешіледі: классификациялық, диагностикалық, ситуациялық және идентификациялық, сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады:

  • жәбірленушінің денесі мен киіміне зақым келтірген қарудың нысаны, мөлшері;

  • денеге және киімге зақым келу кезінде жәбірленуші мен қылмыскер қандай жағдайда болған;

  • сезіктіден алынған қарумен жәбірленушінің киіміне зақым келтірілді ма ?

  • сезіктіден алынған бір қарумен жәбірленушінің киіміне механимкалық зақым келтірілді ма ?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет