Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы


Ежелгі түркілердің мемлекеттілігі-қазіргі кезеңде мемлекеттіліктің қалыптасуының негізі



бет4/5
Дата18.10.2022
өлшемі24,94 Kb.
#43910
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-2-3-4-5 сұрақтар

Ежелгі түркілердің мемлекеттілігі-қазіргі кезеңде мемлекеттіліктің қалыптасуының негізі.



Ерте ортағасырларды Қазақстан тарихында түркі дəуірі деп те атайды. Бұл кезеңде Еуразиялық Ұлы дала түркілердің басшылығымен бірігіп, бұрын-соңды болмаған эносаралық коммуникациялық байланыс жүзеге асырылды. Түркілер Жерорта теңізі мен Тынық мұхиты арасындағы алып территорияны жайлап, Ұлы Жібек жолын қадағалап, халықтар мəдениеттерінің өзара араласуына жол ашты. Оңтүстік Сібір, Орта жəне Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекен еткен түркі тілдес тайпаларды біріктірген Түрік қағанаты өзіне дейін өмір кешкен сақ, ғұн, қаңлы, үйсіндердің мемлекеттік дəстүрін бойына сіңіре отырып, көшпелі қоғам мен отырықшы мəдениет ерекшеліктерін біріктірген жаңа сапалық деңгейдегі мемлекет құрды. Біздің заманымыздағы І мыңжылдықтың орта шенінен бастап Ұлы даладағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. VI ғасырдан бастап сақтардың, үйсіндердің, ғұндардың уақыты өтіп, түркі дəуірі басталды. Яғни, Тынық мұхитынан, Солтүстік Монғолия далаларынан жəне Алтай тауларынан, Қазақстанды басып өтіп, Қара теңіздің жағалауына дейін түрік халықтары өсіп-өркендеді. Сол кезден бастап Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағы, соның ішінде Қазақстан да ертедегі түріктердің қуатты этникалық-мəдени қауымдастығының өресіне енді. Бұл аумақ ауқымында түрік тайпалары үшін ең белсенді тарихи орталық Алтай болды. Шамамен алғанда, б.з.б. V ғасырда Ашина əулеттік руының өмір сүруі кезінен одан əрі солтүстік-батысқа қарай қоныстанып, Оңтүстік Сібірдің көп бөлігін, Қазақстанды, Орта Азияның солтүстік жəне шығыс бөлігін, Еділ бойын, Шығыс Еуропаға дейін қамтыған көшпелі түріктердің негізгі көпшілігі сол жерден шыққан [1; 435]. Бұл орасан-зор территорияны 30-дан астам түркі тектес тайпалар мекендеді. Бұдан біз халық санының көп болғандығын көреміз. Халық санының көптігі жəне дүниетанымында əлемнің төрт бұрышын игеруге деген талпынысының зор болғандығынан түркілердің ширақ қимылдап, дүние тарихында өте маңызды рөл атқаруға мүмкіндік жасады. Түркі халықтарының осы орасан зор кеңістік пен ондағы ауа райы туралы түсінігі жоғары болды. Оған себеп — олар климаттық жағдайға орай шаруашылығын жүргізді. Жат елдермен сауда-саттық жасады, мал жəне тауармен қатар, ой алмастырды, сол орайда өздері де игіліктерге ие болды. Жаугершілік болған кездері олардың айла-тəсілдерін, күш-қуатын бағамдады. Түркілердің құрыш сауытты, көк найзалы қуатты атты əскерінен көршілері үнемі сақтанып отырды. Дəстүрлі түркі дүниетанымының дəуірлеп тұрған кезінде, яғни түркі мемлекеттілігінің империялық дəрежеге жеткен тұсында, түркілер бүкіл əлемді билеуге өздерін ғана құқылы санап, оны «түркілер — Тəңірінің сүйікті жаратылысы» деген діни түсініктің аясында мойындаған. Кей жағдайларда түркілер саяси өзгерістердің ықпалымен өздерін билеген басқа да əмірші əулеттердің қарамағында да өмір сүріп жатты. Соған қарамастан, түркілердің дүниетанымында ортақ мəдениеттің, тіл, əдет-ғұрып, дəстүрдің бірлігі берік сақталды. Əсіресе Алтай көшпенділердің мекен етуі үшін, мəдениеттің пайда болуы мен дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар туғызды. Темірдің Алтайда өндіріліп, өңделуі, түркі суперэтносы мен этносының отаны Алтай болғаны бекерден бекер емес.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет