Бұл сабақта мұғалімнің міндеті —инновациялар — басқа әдістер таусылып, жұмыс істемейтін кезде, бұл бизнесті жақсартудың заманауи тәсілі екенін түсіндіру.
1-тапсырма Бизнестегі инновацияға мысал келтіріңіз.
Тапсырма ойлау қызметін белсендету үшін арналған. Инновацияның не болып саналатынын және оның неліктен тап осындай болып табылатынын түсіндіруге қол жеткізу қажет. Жауаптар ерекшеленуі мүмкін. Оқушыларды компанияның қызметінде неліктен сол немесе өзге өзгерістерді инновациялар деп санауға болатынына аргументтердің көбірек санын келтіруге ынталандырыңыз.2-тапсырма Қандай инновацияларды сіз ұсына аласыз (мысалы, едендерді жуу процесін жылдамдату үшін, швабраға шүберекті қалай бекітуге болады)? Тапсырма оқушылардың назарын олардың өзіндік тәжірибесіне аударады және де өз өмірінде адамның сол немесе өзге инновацияларды жасайды деген ойға түрткі болады. Сыныпқа өзгеше тәсілмен бір кезде шешілген проблема жұртшылықпен бағаланатын күшті бизнесидеяға айнала алынатын ой салу қажет. Аудиторияға 1995 жылдан бастап технологиялық нарықтың дамуын және ерекшеленетін трендті бақылайтын, әлемнің ең ірі зерттеу және консалтингтік Gartner компаниясы туралы айтып беріңіз. Осы компания «Hype Cycle for Emerging Technologies» («Технологиялардың кемелдену циклы») атты жыл сайынғы есептерді
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
Флипчарт, маркерлер немесе фломастерлер
шығарады (егжей-тегжейлі бұл туралы мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://www.gartner.com/en/research/methodologies/gar tner-hype-cycle). Оқушылардың оқулықтағы 1-суретке назарын аударыңыз. Блокчейн мысалында технологиялардың кемелдену циклын сипаттаңыз немесе мұны жасауға уәжді оқушыны өтініңіз. Келесі мысалда циклдың мәнін түсіндіруге болады: біздің елде қандай сәтте біліктізаңгерлер жетіспеген және барлығы заңгерлік факультеттерге түскен. Олар жоғары оқу орындарын аяқталған кезде заңгерлер соншалықты көп болғаны анықталды, тіпті оларға жұмыс табу қиын болды. Көптеген түлектерге басқа мамандыққа қайта оқуға тура келді. Технологиялардың кемелдену циклы туралы біле отырып, оқушылар қазіргі сәтте кеңінен таралмаған нәрсеге негізделіп, кәсіпті таңдауы тиіс және бес жылдан кейін, олар жоғары оқу орындарын аяқтаған соң ненің кеңінен таралатынын болжауға тырысуы тиіс. Болашаққа ұмтылған бизнестер мен олардың көшбасшылары жуырда инновациялар авангардында болады. Сыныпқа инновацияларды енгізгісі келген кезде, кәсіпкерлер не нәрсеге бағдарлануы тиіс деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардан әртүрлі салаларда трендтердің мысалдарын келтіруді өтініңіз (сән, кино, әдебиет және тағы басқа). Оқушыларға кәсіпкерлердің қандай трендтерге бағдарланатыны жайлы ой салуды ұсыныңыз. Жауаптарды тыңдап, оқулықта «Кәсіпкерлер тәжірибесінен» плашкасына сыныптың назарын аудартыңыз және Amazon тарихын оқып шығуды өтініңіз. Осы компания қандай трендті бергенін сұраңыз. Клиентке бағдарлан басқа, басқа заманауи бизнес- трендтерді талқылаңыз: арзан және сапасыз өнімнің орнына қымбатырақ әрі сапалы өнім дайындау және үлкен деректерді және машиналық оқытуды пайдалану. 3-тапсырма