Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет99/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Мұғалім оқушылармен оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
1-тапсырма
Неліктен осы кезеңде Бақдәулет Исаевтің жобасын стартап деп атауға болады? Қандай стартаптар ерекшеліктерін сіз онда белгілей аласыз ?
Бақдәулет Исаевтің жобасы стартаптың анықтамасына сәйкес келеді: «жоғары белгісіздік жағдайларында жаңа өнім немесе қызмет жасайтын ұйым». Қалада болатын оқиғалар тураы ақпаратты тудыратын ұқсас алаң болмағандықтар Бақдәулеттің өнімі жаңа болды және ол оның пайдаланушыларда сұранысқа ие болатынын білмейді. Бұдан басқа, стартап ол үшін шешім іздейтін клиенттің проблемасына негізделеді. Дәл осымен Бақдәулет айналысты – қалалаық іс-шаралардың анонсымен танысуға болатын пабликтің болмау проблемасының шешімін іздеу. 2-тапсырма
Ойланыңыз, стартап пен компания үшін монетизациялау (ақшалай пайда алу) тетіктерінің айырмашылығы неде? Өз тұжырымыңызды «Қане, барайық!» мысалында келтіріңіз.
Компания немен ақша табатынын айқын біледі – өндіріспен, қызметтерді сатумен және тағы басқа. Стартап оның өнімі сатылатынына әлі сенімді емес, стартапер алғашқы уақытта тегін жұмыс істейді, тек болашақ пайда табу нұсқаларының негізін қарастырып қана. Бақдәулет меншікті жобасын тегін бастады, оны дамытуға өзінің ресурстарын салды және тек кейіннен, стартап табысты болған соң, пайда таба бастады.
3-тапсырма
«Қане, барайық!» жобасын осы кезеңде қалай дамытуға болатынын ойланып көріңіз. Тапсырма креативті тәсілдемені ұйғарады. Оқушыларды әртүрлі ұсыныстарды айтуға ынталандырыңыз және оларды тақтаға жазып алыңыз. Оның ішінде, сіз сыныпты

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта







командаларға бөле аласыз және әрбір командаға неғұрлым көбірек «Қане, барайық!» дамыту нұсқаларын ойлап табу міндетін қойып, жарыс ұйымдастыра аласыз. 4-тапсырма
Бақдәулетке стартап табысты болу үшін қандай дағдыларды дамытуға тура келді деп ойлайсыз. Неліктен?
Аталған сұраққа жауап үшін бірінші тоқсаннан өндіріске тартылған кәсіпкерлік құзыреттерге арналған сабақтарды еске алу пайдалы болады. Оқушылар осы түсініктерді пайдаланып, тапсырмаға жауап бере алады.
Сондай-ақ стартапер жобаны дамытудың бірінші кезеңдерінде өздігінен әртүрлі функцияларды орындауы тиіс екенін жеке атап өту қажет. Сөйтіп, Бақдәулет өзінің стартапында басқарушы, контентменеджер, SMM-менеджер, жарнама жөніндегі менеджер, бухгалтер, хатшы және тағы басқа функцияларын орындады.
5-тапсырма
Дамытудың аталған кезеңінде «Қане, барайық!» жобасының ауқымын дамытудың нұсқаларын ұсыныңыз.
6-тапсырма
Тағы қандай а) аталған жағдайда стартапты тарату арналары «Қане, барайық!» үшін жарамды болатыны; ә) клиенттермен өзара
әрекеттесуді тағы қалай жақсартуға
болатыны; және б) жаңа негізгі әріптестерді тартуға болатыны жайлы ойлаңыз.
5 және 6-тапсырманы орындаған кезде сондай-ақ сіз сонаң соң оларды оқулықтан алынған нұсқалармен салыстыру үшін, оқушыларға ұсынылған барлық нұсқаларды тақтаға жаза аласыз. Бәлкім, сіздің оқушыларыңыз оқулықта аталмаған бірегей идеяларды ұсынады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет