Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет7/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   432
2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Бүгін біз ең қарапайымнан бастаймыз: кәсіпкерлер мен бизнесмендердің кім екенін, олардың басқа адамдардан немен ерекшеленетінін, өздеріне қандай мақсаттар қоятынын анықтаймыз.
Біз кәсіпкердің сөздік анықтамасынан емес, осы адамдарды басқалардан ерекшелейтін нәрседен бастаймыз. Кәсіпкерлік ойлауды - қоршаған әлемнің жағдайлары мен ресурстарына тұтынушы тұрғысынан емес, керісінше жасампаз әрі әлемді өзгертуші қабілет тұрғысынан қарастырамыз.
Оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып, сыныпта талқылаңыздар:
Кәсіпкер деген кім?
Бизнесмен деген кім?
Кәсіпкер болуы үшін не қажет?
Олардың басқа адамдардан қандай ерекшелігі бар?
Олар өз алдына қандай мақсаттар қояды?
Содан кейін мұғалім сыныпқа кәсіпкерлік ойдың ерекшеліктері, кәсіпкер мен бизнесменнің айырмашылығы, кәсіпкерліктің тақырыбы, мақсаттары және міндеттері туралы айтып береді.
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау.

  1. -Тапсырма, оқулықтың 8,9 беті

Өз елді елді мекеніңізден шыққан кәсіпкерге мысал
келтіріңіз.
Қазақстанда ең беделді кәсіпкер ретінде кімді санауға болады? Неге олай санайтыңызды түсіндіріңіз.
Табысты кәсіпкердің, бизнесменнің ерекше сипаттарын келтіріңіз.

  1. -Тапсырма, оқулықтың 9 беті

Кәсіпкерлік қызметпен айналысудың 5 артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетіңіз.
Артықшылықтар (мысалы: шығармашылық
еркіндігі);
Кемшіліктер (мысалы, мөлшерленбейтін жұмыс
кестесі):
1 және 2-тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларға өз ауылдарында, қалаларында және елінде тұрып, жұмыс істейтін шынайы адамдардың көрнекі мысалдарын еске түсіруге мүмкіндік беру керек. Егер мүмкіндік болса «Атамекен» ҰКП-ның (Кәсіпкерлер палатасы) өкілдерін шақырып, кәсіпкерлер, олардың кәсіби қалыптасуының қызықты оқиғалары туралы фильм көрсеткен дұрыс. 3-тапсырма, оқулықтың 9 беті

Әдістемелік негіздері.
Е. С.
А.М.Фазылжан
Сейтенова Көкжиек—112 бет.
Сабақ презентация
Оқулық,
тақта

құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес
10-сыныпқа
арналған / С. А. Щеглов,
Дүйсенханов, ова, А. А.
— Алматы:
Горизонт, 2019.
сы.
интерактивті







Өз мақсатыңызды құрыңыз және көрсетіңіз:

  • бір аптаға:

  • бір айға:

  • жыл соңына дейін:

  • келесі 5 жылға:

  • келесі 10 жылға:

3-тапсырманың сұрақтарын талдау кезінде мұғалім жоспарлау дағдысын дамытудың қажет екенін атап өтеді. Жоспарлау дағдысының табысты және үйлесімді тұлғаны дамытуға қалай көмектесетіні туралы мысалдар келтіру керек. Көбінесе Бенджамин Франклинді еске алуға болады (ол туралы мына сілтемеден оқуға болады: https://4brain.ru/blog/пирамида-франклина/).
Сонымен қатар оқушылар осы жаттығуды SMARTмақсаттар әдістемесі аясында орындаса болады:

  • S (specific) — мақсат нақты болу керек, мысалы, оқушылар ҰБТ-дан дәл қанша балл алғылары келетінін, мансап жолында қанша жыл жүретіндерін, еңбекақыларының қанша болатынын және т.б. елестетіп көрулері керек;

  • M (measurable) — мақсат өлшеулі болу керек, оқушылар емтихан нәтижесінің немесе қалаған кіріс мөлшерінің сандық мәліметтерін көрсетіп қана қоймай, оларды нақты дәлелдермен бекітулері керек;

  • A (achievable) — қол жеткізе алатын мақсаттар идеясы. Егер оқушылар үшін ол мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес сияқты көрінсе, онда оларға аралық мақсат қоюға кеңес беріңіз;

  • R (realistic/relevant) — шынайы, релевант мақсат: мақсат қою кезінде оқушы оның мәнін, қажеттілігін түсіну керек: ол басқа өмірлік мақсаттарға қарама-қайшы болмауы қажет;

  • T (time bound) — мақсат қою кезінде нақты мерзімді көрсету керек. Уақыт мерзімін қою әртүрлі процестерді тиімді басқаруға мүмкіндік

береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет