Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет155/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-тапсырма
100 жылдан кем емес уақыт бойында бренд болып танылған тарихи фактілерді, тауарларды немесе қызметтерді ойланып, еске түсіріңіз. Сіз қалай ойлайсыз, неге олар басқа тауарлар мен қызметтер арасында жоғалып кетпей бренд бола алды?
Тапсырма шығармашылықты қажет етеді. Оқушылар ұзақ уақыт бойы нарықта ұсынылған кез келген отандық не шетелдік брендтерді еске түсіріп, олар неліктен бренд болып табылатынын, олардың ұқсас тауарлардан не ерекшелейтінін түсіндіруге тырысу керек.
3-тапсырма
Кестеде берілген брендтер үшін бірегей сауда ұсынысын тұжырымдап, сипаттаңыз. Олар өз бәсекелестерінен қандай сипаттамалармен ерекшеленеді? Сіздің ойыңызша, олардың ұрандары сәтті ме?

Оқушылар қайсыбір брендтің қандай қасиеті оны позициялау негізіне алынғанын анықтап, неге олай










екенін талдауға тырысу керек.
Мысалы, Snickers бренді батончиктегі шоколадтың мөлшеріне назар аудартқысы келді. Snickers өзін аштықты баса алатын, толыққанды түстенуге жағдай болмағанда әрдайым қалтада болуы керек батончик ретінде көрсетеді. Оны тұтынушылар – тамақтануға уақыты жоқ, белсенді өмір салтын ұстанатын жастар (жарнамасын еске түсіріңіздер).
Сондықтан, жүрек жалғап алудың қажеттілігіне ерекше назар аудару үшін: «Егер аштықты қанағаттандырып, және ол үшін уақыт кетіргіңіз келмесе, сізге керегі – Snickers» деп тұрғандай. Сіз оқушылардан кім және неліктен Snickers сатып алатынын сұрауыңызға болады. Олар аталған БСҰ-ны қаншалықты түсінеді? Осыған ұқсатып кестедегі қалған ұрандармен жұмыс жасатыңыз.
4-тапсырма
Өзіңіздің 3 сүйікті брендіңізді таңдаңыз. Осы брендтердің БСҰ қалыптастырыңыз. Оны жасау оңай болды ма? Сіздің брендтеріңізді атаңыз және сіздің партаңыздағы көршіңізді немесе досыңызды олар үшін БСҰ анықтауын сұраңыз. Сіздің тұжырымдарыңыз сәйкес келді ме? Егер сәйкес келмесе, неге?
Аталған тапсырма шығармашылықты қажет етеді. Оқушылар БСҰ мәнін түсінгенін және тұтынушының таңдауына қалай әсер ететінін көрсетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет