Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет154/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Бұл сабақта мұғалім оқушылармен бренд ұғымын, брендингтің тарихын, өнімді позициялау негіздерін, бірегей сауда ұсынысы түсінігін және де брендті позициялау әдістерін талқылайды.
Сабақ барысында оқушылар брендтің мәнін маркетингтің негізгі санаты ретінде түсінуі керек. Бұл үшін мұғалім оларды тұтынушының таңдауы тауарлардың бағасы мен сапасына ғана емес, тұтынушының қабылдауына да тәуелді деген ой тудыруы керек. Бренд ұғымы, сонымен қатар, өнімді жасау мен қызмет көрсетуде тұтынушыға бағдарланған тәсілдің маңыздылығын көрсетеді. Кез келген брендті позицияландыру негізіне тұтынушы үшін тұтыну артықшылығы жататынын оқушылар білуі керек. Мұғалім оқушылармен оқулықтағы мысалдар арқылы бірегей сауда ұсынысы бренд ұранына қалай айналатынын егжей-тегжейлі талқылайды.
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау.
1-тапсырма.
Бірдей функцияларды орындайтын өнімдер немесе қызметтер бар болса да, біз олардың елеулі айырмашылығын байқаймыз. Төменде бірдей міндеттерді шешетін барлық танымал брендтер мен өнімдер келтірілген. Оларды сипаттауға тырысыңыз. Сіз қалай ойлайсыз, неге олардың әр қайсысын әр түрлі қабылдайсыз?

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта








Оқушылар әр түрлі брендтердің бірдей функцияларды орындауына қарамастан, тұтынушылар арасында оларға деген қарым-қатынас тіпті өзгеше болуы мүмкін деген қорытындыға келуі керек. Артықшылығы брендті позицияландырудан екені түсіндіріледі. Apple мен Huawei смартфон жасап шығарады. Сонымен қатар, Apple өз өнімдерін бірегей етіп көрсетеді. Смартфондар Android емес, iOS платформасында жұмыс істейді, оған Google Play мобильді қосымшаларын жүктей алмайсыз, тек AppStore-дан ғана жүктей аласыз, т.с.с. Apple смартфонын сатып алған тұтынушы өзін белгілі бір элитарлық клубтың мүшесі ретінде сезінеді, Apple өнімін қолдану оның ерекше мәртебесі мен қаржылық жағдайын көрсетеді.
Бұл жерде өнімнің функционалдығы емес, оған ие болудағы эмоциялар мен сезімдер маңызды. Мұның бәрі – брендті позицияландыру нәтижесі. Осыған ұқсас қалған брендтерді талдаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет