Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет186/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақтың ортасы 25 минут

Бұл сабақта оқушылар өз өнімдері үшін интернетмаркетологтар рөлінде өзін сынап көре алады.

  1. Өніміңіздің веб-сайты қандай болуы керек (ақпаратты, сататын, ғаламтор дүкен, лендинг)? Таңдауыңызды дәйектеңіз.

  2. Веб-сайттың схемасын салып, әр бетінде қандай ақпарат болатынын сипаттаңыз. Мысал үшін браузердегі басқа компаниялардың не басқа өнімдердің веб-сайттарын қарап шығуыңызға болады. Мәселен, Asiawaters.com вебсайтында «Тарих», «Өнім», «Жаңалық» т.с.с. тармақтар бар екенін көресіз. Өзіңіздің сайтыңыздың тармақтарын көрсетіңіз. Әр бетте не туралы сөз болатынын қысқаша жазып беріңіз.

  3. Кез келген ақпараттық нұсқаны (ассоримент желісіне жаңа өнімді, жаңа қаптама, жарнама акциясын орналастыру) таңдап алып, Facebook, Instagram и ВКонтакте сияқты үш түрлі әлеуметтік желіге осы тақырыпта үш пост жазыңыз. Әр әлеуметтік желінің аудиториясы, әр әлеуметтік желінің посттары қандай болатынын, ерекшеліктерін алдын ала нақтылап алыңыз. Постыларыңызға интернеттен фотолар таңдап алыңыз, өзіңіз салып шығыңыз немесе постпен бірге болатын көріністерді сипаттап беріңіз.

  4. Өніміңіздің әлеуметтік желісін жүргізуіңіз керек болсын. Күніне 1 посттан есептей отырып, бір апталық медиажоспар жасаңыз. Тақырыпты көрсетіп, әр постта не туралы сөз болатынын қысқаша сипаттаңыз. Интаграмның @turanwater аккаунтындағы посттарды мысалға алар болсақ, медиажоспар мынадай болар еді:

  • дүйсенбі: судың адамның күш-жігеріне әсері туралы ақпараттық-көңіл көтеретін пост;

  • сейсенбі: судың арықтататыны жайында ақпараттық пост;

  • сәрсенбі: сол кездегі мейрамдармен құттықтау;

  • бейсенбі: Валдай мұздығының суретімен берілген ақпараттық пост;

  • жұма: фитнес-білезік ойнату;

  • сенбі: Turan суын насихаттайтын, қала пейзажының аясындағы құтыдағы судың суреті бар, күн райы туралы пост;

  • жексенбі: жанға жайлы кафеде рақаттанып уақыт

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С.
Дүйсенханов,
А.М.Фазылжанова, А.
А. Сейтенова —
Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті тақта




өткізуге болатыны жайында, Turan суының фотосуреті бейнеленген пост.

  1. Әлеуметтік желілерде тұтынушылар сізге бірқатар сынескертулер жазған болсын. Әрқайсысына жауап жазыңыз.

А) «Интернет дүкеніңізде тапсырыс беріп едім. Алайда курьер келмей қойды. Күні бойы күтіп отырдым. Не себепті қызметтеріңізді дұрыс атқармайсыздар?»
Ә) «Бұрын өнімдеріңіз сапалы болатын. Соңғы кез дері бір түрлі нашарлап кетті».
Б) «Бірнеше рет хабарласпақ боп телефон шалып едім, не мүлде босамайды, не ешкім көтермейді. Не болды? Клиенттермен шаруаларыңыз жоқ па?»

  1. Әлеуметтік желілерде өніміңізге байқау жариялаңыз. Ол қандай болатынын, не болатынын, шартын сипаттаңыз. Не себепті осы байқауды таңдағаныңызды, нәтижесі қандай болғанын қалайтыныңыз туралы жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет