Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет185/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:




Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «Не жаңалық?» жаттығуын өткізеді
Бұл жаттығуды жаңа сабақтың басында жасауға болады. Бұл жұмысқа бейімделуге, кеше топта не болғанын есте сақтауға көмектеседі, сонымен қатар қатысушыларды бір-біріне мұқият болуға үйретеді.
Қатысушылар шеңбер жасап орындықтарда отырады.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-
сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. —
Алматы: «Көкжиек-
Горизонт», 2019., 188







Жүргізуші барлығынан үш минут ішінде бір-біріне мұқият қарауды сұрайды, сол немесе басқа адамның бүгінгі көрінісіне, көңіл-күйіне, өзін қалай көрсететініне назар аудартқызады. Үш минуттан кейін қатысушылар допты оқушылардың кез-келгеніне лақтырып, кешегі күнмен салыстырғанда олар бұл адамнан не өзгеріс көргенін айтуы керек. Жүргізуші доптың әр қатысушыға барғанына көз жеткізеді.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін мұғалім қатысушылардан естігендерінің өз сезімдеріне, тәжірибелеріне және т.б. қаншалықты сәйкес келетінін сұрай алады.
Нұсқа ретінде мұғалім қатысушылардан, кеше қатысушы айтқан сөздерді допты лақтырып қайталауды сұрай алады.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет