Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет193/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

4-тапсырма










Итерацияға өмірден мысал келтіріңдер. Мәселен, ғимаратты тұрғызатын кран құрылыс толық біткенше бірнеше рет итерация жасайды (тұмсығын төмен түсіреді, блокты көтереді, қа жет жеріне қояды т.с.с.). Нақты өмірде қандай әрекеттер итерацияға мысал бола алады?
Ойлау дизайны әдісінің негізгі ерекшелігі — нәтижеге қол жеткізілгенге дейінгі үдерістің барлық кезеңін бірізділікпен, дұрыс өтіп шығу. Ол нәтиженің сапалы болып шығуына ықпал ететін жайттарды ескеруге мүмкіндік береді. Әрі тұтынушының мүддесіне ерекше мән беріледі. Түрлі кезеңдегі ойлау дизайнында дивергентті және конвергентті сияқты ойлаудың екі түрі қолданылады.
Дивергентті ойлау (латынның Divergere — «ажырау» деген сөзінен) — бір мәселені оңтайлы шешу үшін бірнеше шешім қабылданатын шығармашылық ойлау әдісі.
Конвергентті ойлау (латынның Convergere — «жинақталу» деген сөзінен) — шешімнің қолда бар алгоритмдерді пайдаланып, бір не бірнеше басым бағыттарды таңдап алынатын аналитикалық ойлау әдісі.
«Эмпатия», «Идея тудыру» кезеңдері үшін дивергентті ойлау, «Талдау және синтез», «Прототип жасау», «Тестілеу» кезеңдері үшін конвергентті ойлау жүйесі қолданылады.
5-тапсырма
Неліктен аталған кезеңдерге дивергентті және конвергентті ойлау қолданылады? Осы кезеңдердің ойлау типін ауыстыруға бола ма?
Күнделікті өмірде ойлаудың екі түрін де қолданамыз. Мысалы, күн сайын таңертең тұрып, жуынасыз, тісіңізді тазалайсыз, тамақтанасыз, киініп, мектепке барасыз. Бұл іс-әрекетті ойланбастан, «автоматты» түрде орындайсыз. Керісінше болса ше? Су тоқтап қалса не тіс щеткасын жоғалтып алсаңыз, не болады? Бұл кезде дивергенция арқылы тығырықтан шығудың жолдарын іздестіресіз, яғни суды іздестіру немесе тіс щеткасының қайда жатқанын еске түсіру.
Әр адам конвергенциялық не дивергенциялық тұрғыдан ойлана береді, әрқайсысын қажетіне қарай қолданады. Алайда ойлаудың екі жүйесін қатар қолдана білетін адам аз болғандықтан, конвергентті ойлау жүйесіне дивергентті ойлау жүйесі басым адамдардан топ құрып алған дұрыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет