Шабадан – болашақта қажет болатын ақпараттар Ет тартқыш - ақпаратты өңдеудемін Себет – барлығын себетке тастаймын Сабақта алынған ақпараттарды қалай қолданатыныңды таңда
Оқушылар кері
байланыс береді
Оқулық
Atameken
Akademy білім беру онлайн-
платформасының материалдары, бейнесабақтар (atameken.co).
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады
Мұғалім оқушыларды бағалайды және кері байланыс жасайды.
Дескрипторлар:
•ҚР екідеңгейлі банктер жүйесін ажыратады.
•Депозиттер және несиелеу мәнін түсінеді.
•Инфляцияны кредиттер және депозит мөлшерлемесіне ықпал етуші фактор ретінде түсінеді.
•Депозиттік және несиелік ставканы есептеу дағдысын қолданады. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Джон Мейнард Кейнс теориясының мәні неде?
«Несие» дегеніміз не?
Қандай несие түрлері бар?
Банктік несиелеу принциптері қандай?
Несиеге тауар сатып алудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Бизнес-несиелердің қандай түрлері бар?
Бизнес-несиені алу үшін қандай құжаттар қажет?
№37-сабақ.Жинақтаулар, несиелер және депозиттер
Бөлім:
Кәсіпкердің өзін-өзі алға жылжытуы
Педагогтің аты-жөні
Мерзімі:
Сынып:
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жинақтаулар, несиелер және депозиттер
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
11.3.2.1. ҚР екі деңгейлі банктік жүйені ажыратады;
11.3.2.2. Депозиттер мен несиенің мәнін түсінеді;
11.3.2.3. Несиелік және депозиттік мөлшерлемеге әсер етуші факторы ретіндегі инфляция түсінігін түсінеді;
11.3.2.4. Депозиттік және несиелік пайызды есептеуде дағдыларды қолданады.
Сабақтың мақсаты
Пайыздық мөлшерлеме деген ұғымды түсінеді.
Несие бойынша ай сайынғы төлемдерді қалай есептеуді біледі.
Несиені өтеудің аннуитеттік және сараланған жүйесі арасындағы айырмашылықты түсінеді.
Төлемнің тиімді схемасын таңдай алады.
Инфляция кредит мөлшерлемесіне қалай әсер ететінін түсінеді.