Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет366/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақты ң кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:










Сабақтың басы
10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, бұл сабақта таймменеджментте қолданылатын нақты құралдарды қарастыратынын хабарлайды.
Тайм-менеджмент барлық жерде уақытты басқару деп аталғанымен, бұл таза америкалық терминнің болжамды аудармасы екенін және ағылшын тілінен менеджмент деген сөз таңдау, шешім және т.б. деп аударылатынын білеміз. Сәйкесінше, түсінуді жеңілдету үшін және қазақ тіліндегі біртұтас терминология арасындағы байланысты қамтамасыз ету үшін біз осы ұғымдарды пайдаланамыз.
Уақытты басқару деген мүмкіндігінше барлық нәрсені жоспарлау және орындалған жұмыс көлемін жоспарлы төмендеткен кезде бәрібір де тиімділік болуы үшін қажетінше, барынша көбірек нәрсені жоспарлауды білдіретін ұғым ретінде зерттейміз.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенхано в, С. А.
Щеглов, Д.
Ханин, Н. Е.
Жұлдызбаев
. — Алматы: КөкжиекГоризонт,
2020., 118123 бет

2-кезең. Теория-практикалық

Сабақтың ортасы
25 минут

Мұғалім берілген бөлімге тапсырма — апталық жоспар құру дағдысын қалыптастыруға негізделгенін айтады. Өз бетінше жоспарлау кезінде субъективті ауытқулар болуы мүмкін болғандықтан, біз оқушылардың екіекіден бөлініп, әрқайсысы бір-біріне келесі аптадағы ұсақ-түйек істерге дейін айтып берулерін ұсынамыз. Қарсы тараптың міндеті — тиімділік тұрғысынан өз қалауы бойынша жоспар құру. Сыныпты келесі аптада толық осы жоспармен жүруге ынталандырыңыз, оны толықтай өзіңіздің google күнтізбеңізге немесе жеке телефоныңыздағы басқа электронды органайзеріңізге енгізіңіз. Біздің келесі зерттейтініміз — SMART жүйесі бойынша мақсаттарды қалыптастыру. Адамдардың нақты өмірінде қандай оқиғалар сирек кездеседі? Компаниялар мақсаттарды қою кезінде осы жүйені пайдалануды міндеттейді, өйткені бұл тікелей тиімділікке қатысты. Адамдар өздерінің жеке әлауқатына қатысты бұл құралды неге пайдаланбайды? Сонымен, тапсырма: келесі айға өзінің 5 басты мақсаттарын жазу және смарт принципі бойынша өлшенетін санаттарды айқын белгілеу: Мысалы: «мен 2020 жылдың 22-наурызына қарай жаңа кітаптың 650 бетін оқимын».
«Гант диаграммасы» құралын пайдалану дағдысын бекіту үшін мына тапсырманы орындаймыз: «Ең күрделі және ұзақ мерзімді істің бірін таңдаңыз. Кезеңдерге бөліңіз, мерзімдерді анықтаңыз және Гант диаграммасына салыңыз. Уақыттың соңғы 25% біткен- ше аяқтау туралы ескерту арқылы барлық мерзімдерді мобильді органайзерге енгізіңіз. Өз жоспарыңыздың дұрыстығын және шынайылығын кез келген 3 сыныптасыңызбен талқылаңыз.
Орындалатын оқу тапсырмаларын нақты органайзерге (электронды немесе қағаз) байланыстыру арқылы біз нақты білім, дағды және нақты шындық арасындағы

Оқушылар тапсырмалард ы орындайды және мұғалімнің сұрақтарына
жауап береді

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері.
11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенхано в, Н.Е.
Жұлдызбаев
, С. А.
Щеглов — Алматы:
КөкжиекГоризонт,
2020. —297 бет.
Оқулық, интерактивт і тақта
Оқулық, толтыру үшін
кестелер







өзара байланысты қамтамасыз етеміз, болашаққа тиімді жүріс-тұрыс паттернін жасаймыз.
Бұдан әрі басымдық құралын меңгере отырып, тапсырманы орындаймыз: «Осы қарапайым кестені ерінбей, өзіңіздің күнделікті жоспарлау жүйеңізге енгізіңіз. Өзіңіздің бір аптадағы күнделікті істеріңізді алып, Эйзенхауэр квадранты бойынша бөліңіз. Істің басымдылығы туралы сіздің көзқарасыңыз қаншалықты дұрыс, бұл қаншалықты саналы болды және күнделікті істерді орындау кезінде басымдықты қаншалықты есте сақтадыңыз, осылардың бәрін қалған балалармен бөлісіңіз. Егер сіз істің басымдылығын анық білсеңіз, одан да жақсы болуы мүмкін бе еді?»
Осы жұмыстардың орындалуы оқушылар мен оқытушы арасындағы бір-біріне сенім білдіретін, әжуасыз қарымқатынас жағдайында жүргізілуі тиіс. Бір оқушы үшін маңызды істер басқасына ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін, алайда ол оқушы оқытушыға немесе сыныптасқа қатты ренжіп қалуы мүмкін, сол себепті ықыласты болған жөн.
Сондай-ақ, бұл жаттығулар жоспары, мақсаттары мен істері жоқ адамдарды ойлантады. Осы сәттерде оқытушы статистика зертте- улеріне сай табысты жетістікке жеткен адамдар дәл осындай сәттерінің жоқтығымен ерекшеленетініне назар аударуы қажет. Алайда, бұл ойға оқушылардың назарын ішкі наразылық тудырмай аудару қажет.
Уақытты бақылау тақырыбын зерделей отырып, «клиптік қабылдаудың» қалыптасуынан, ақпараттың шамадан тыс көптігінен қазіргі жасөспірімдердің белгілі бір міндетке ұзақ әрі мақсатқа бағытталған көңілмен назар аудару қабілетінің төмендігін атап өткен жөн.
«Қызанақ» әдісімен танысуды ұсынамыз, содан кейін тапсырманы «Хронометраж» әдісімен орындауды ұсынамыз. Бес минуттық уақытты қандай іске жұмсайтыныңызды екі-үш күн бойы жазып отырыңыз. Талдаңыз:
Қандай әрекеттер міндеттерді шешуге немесе толыққанды демалысқа жатпайды. Бұл — «уақытты тонаушылар». Олардан бас тартыңыз.
Қай міндетке ең көп уақытыңызды жұмсайсыз? Оны қалай оңтайландыруға болатыны туралы ойланыңыз. Қандай ұзақ мерзімді мақсаттарға аз уақыт кетеді? Мақсаттарды және оларға қол жеткізу мерзімдерін қайта қараңыз. Мүмкін сіз олардың бірінен жоспар бойынша артта қалудасыз.
Әр тоқсан минут сайын үзілістерді жоспарлаңыз. Ми бір міндетке бір жарым сағат назар бөле алады. Егер «Қызанақ» әдісі бойынша жұмыс істемесеңіз, әрбір бір жарым сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасаңыз. Ол миды демалтуға көмектеседі.
Күту уақытын жоспарлаңыз. Пойызда, әуежайда, жолда күтуге жұмсаған уақытымыз — босқа кеткен уақыт сияқты. Күту кезінде қандай міндеттермен жұмыс істейтініңізді алдын ала шешіңіз.
Мүмкін, бұл «шұғыл және маңызды» санаттағы істер










емес шығар, бірақ олар да сіздің тізіміңізде бар.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет