Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет408/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Сәлемдесу рәсімдері» жаттығуы


Қатысушылар әртүрлі мәдениеттерде қабылданған сәлемдесу рәсімдерін қолдана отырып, бір-бірімен амандасады. Топты шеңбер құруға шақырыңыз. Қатысушылардың бірі «танысу шеңберін» бастайды: ортаға шығып, оң жақта тұрған серіктеспен сәлемдеседі. Содан кейін ол сағат тілімен жүре отырып және кезекпен топтың барлық мүшелерімен сәлемдеседі. Әр жолы қатысушы өзінің әріптесін жаңа қимылмен қарсы алып, сәлемдесу керек. Әр жағдайда ол өз атын атайды. Екінші раундта шеңберге бірінші оң жағында тұрған басқа қатысушы кіреді және т.с.с. Сәлемдесу нұсқалары:

  • жеңіл тағзым, қолдар мен алақандар екі жағынан төменге созылған (Жапония);

  • құшақтасу және үш рет кезекпен екі бетіне жанасу (Ресей);

  • кеудеге қолдарын қиыстырып қойып жеңіл тағзым ету (Қытай);

  • екі жақтап қол алысу және екі бетінен сүю (Франция);

  • жеңіл тағзым, алақандар маңдайдың алдына бүктелген (Үндістан);

  • бетінен сүю, алақандар серіктестің білектерінде жатыр (Испания);

  • қарапайым қол алысу және көзге қарау (Германия);

  • екі қолыңызбен тек саусақтардың ұшымен жұмсақ қол алысу (Малайзия);

  • бір-бірінің мұрнын ысқылау (эскимос дәстүрі).

«…бойынша сап құрыңыз!» жаттығуы


Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қарым-қатынастағы кедергілерді жеңіп, оларды өзін еркін ұстауға жағдай жасау.
Жаттығу барысы: Қатысушылар тығыз шеңбер құрып, көздерін жұмады. Олардың міндеті - көзді жұмып бойлары бойынша қатар құру. Барлық қатысушылар сапта өз орнын тапқан кезде, көздерін ашуға рұқсат беріп, не болғанын көру керек. Жаттығудан кейін бұл тапсырманы орындау қиын болды ма (қатысушылар өздерін қалай сезінді) немесе жоқ па, соны талқылауға болады.
Ескерту: Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Сіз көздің түсіне (ең ашық түстіден қараңғы түске дейін, әрине, көзді жаппай), шаштың түсіне, қолдың жылуына және т. б. Ашық көздермен тұрғыза аласыз, бірақ үнсіз сап құру керек.
Талқылау: Топ мұны жасай алды ма? Не көмектесті? Қандай қолдау болды? Жаттығу кезінде қандай эмоциялар болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет