Топ бірнеше командаларға бөлінеді, олардың әрқайсысында жеті адам болған жөн. Мұғалім «қазір әр командаға қарапайым тапсырманы орындау керек — қағаз ұшақ жасау керек» дейді. Бұл жаттығуда бірнеше шарттарды сақтау керек: жұмысты бастағаннан кейін сөйлеуге болмайды; әр қимылды (қағазды бүгуді) екі адам жасайды, олардың әрқайсысы тек бір қолын қолдана алады; жұптар кезекпен жұмыс істейді, әр әрекетте бір рет қана қағазды бүгіп ұшақ жасайды. Жұмысты бастамас бұрын командалар бес минут ішінде тапсырманы орындау стратегиясын талқылай алады.
Әр командадан бір өкілден таңдалады, олар қарсылас командасында барлық жағдайлардың сақталуын қадағалайды. Әр ережені бұзу команда үшін айыппұл ұпайы алынады. Нәтижесінде аз айып ұпайларын жинаған және ұшағы алысқа ұшқан команда жеңіске жетеді.
Жаттығудан кейін тапсырманы орындауға не көмектескенін және оны орындауға не кедергі келтіргенін, қай стратегия ең сәтті болғанын, жұмыс барысында қандай сезімдер пайда болғанын талқылауға болады.
«ЛЕЗДІК ФОТОГРАФИЯ» жаттығуы
Барлық қатысушылар шеңбер жасап орындықтарда отырады. Мұғалім шеңберден тыс орналасады. Ол қатысушылардан бір жарым минут ішінде бір-біріне мұқият қарауды, топты суретке түсіруді және бұл фотосуретті жадында сақтауды сұрайды. Бір жарым минуттан кейін қатысушылар 180 градусқа бұрылып, енді шеңберге арқасымен теріс қарап отырады. Әрі қарай, мұғалім ойыншыларға басқа қатысушылардың орналасқан орны немесе сыртқы түріне қатысты әртүрлі сұрақтар қояды. Мысалы, ол қатысушыдан сағат тілімен үш орындық ары кім отырғанын сұрауы мүмкін; қандай да бір қатысушы үстіне қандай киім не кигенін; көзілдірік киіп, ойыншының сол жағында екі орындыққа ары отырған қатысушының аты кім екенін және т. б. сұрай алады
Жаттығудың соңында мұғалім барлығынан шеңберге бет бұруды және бір-біріне қарауды, фотосуреттің дәлдігін тексеруді сұрайды.
«СУПЕРЗАТ» жаттығуы
Бұл жаттығуда қатысушылардың ойлауының өзіндік ерекшелігі ғана емес, сонымен қатар олардың командада жұмыс істеу қабілеті де маңызды.
Қатысушылар әрқайсысында үш-төрт адамнан құралған бірнеше топқа бөлінеді. Командалар бірнеше минут ішінде кез-келген затты қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тауып, жазып алуы керек, мысалы, қаламдар, қағаз қыстырғыштар, шыныаяқтар және т.б. Уақыт аяқталғаннан кейін командалар өз нұсқаларын оқып, затты қолданудың қайталанатын тәсілдерін алып тастайды. Нәтижесінде ерекше жауаптардың ең көп санын берген топ жеңеді.