Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет5/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар*

* Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. Педагог пәннің ерекшілігі мен оқушылардың қажеттілігіне қарай қосымша элементтер енгізуге құқылы.
ҚМЖ құрастыру кезінде сабақты үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Ұйымдастырушылық-мотивациялық (сабақтың басы);

  2. Теория-практикалық (сабақтың ортасы);

  3. Рефлексивті-қорытындылаушы (сабақтың соңы).

Сабақтың басында ұйымдастырушылық-мотивациялық кезеңде мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесінде ынталандыру үшін жағдай жасайды. Сабақтың бастапқы кезеңінде сергіту ойындарын (энерджайзерлер) ойнау ұсынылады. Энерджайзер (сергіту) ойыны өзінің процесіне, қарсылас команданың логикасын есептеу қажеттілігіне байланысты өте қызықты. Бұл сергіту жаттығуы топтық динамиканы сақтау үшін жақсы құрал.
Сабақтың ортасында сабақтың негізгі теориялық-практикалық кезеңі өткізіледі. Мұғалім теориялық материалды түсіндіреді және оқушылармен практикалық тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.
Сабақтың соңында рефлексивті-қорытынды кезең өткізіледі. Мұнда мұғалім сабақты қорытындылайды, рефлексия мен кері байланыс жүргізеді, сонымен қатар оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды.
Тікелей оқыту әдісін оқу процесінде зерделелей отырып, зерттеу ерекшеліктерін «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ұсынуға болады.
Тікелей оқыту және жаңа материалды ұсыну – сабақ мазмұнын дәйекті және нақты түсіндіретін оқытушы белсенді рөл атқаратын оқытудың классикалық базалық әдістері. Осы әдіс аясында жаңа және бұрын алынған білім арасында байланыс орнатылып, жаңа жағдайларда қолдану жобаланады. Сұрақтар шағын «бөліктермен» ашылады, материалды түсіну мезгіл-мезгіл тексеріледі, күрделі сәттер қосымша түсіндіріледі, жаңа жағдайларда білімді қолдану дағдылары мен техникасы дамиды.
Тікелей оқыту тақырыпқа енгізуден, талқылауға арналған сұрақтарды анықтаудан, жаңа материалдар мен ақпарат беруден тұрады. Жаңа материал мазмұны жағынан қызықты болуы мүмкін, алайда тыңдаушыларды мезгіл-мезгіл қатыстырып, сұрақтар қойып немесе пікірталастар тудырған жағдайда ғана қатысушылардың шоғырлануын сақтауға болады. Осылайша, мұғалімнің монологынан диалогқа көшу жүзеге асырылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытудағы әдістердің бірі-экономикалық мәтінді талдау. Әлемнің белгілі бір бейнесін қалыптастыру үшін оқушылар жаңа тақырыпқа қатысты қосымша мәтіндер алуы керек. Осы мақсатта оқулықтан, осы материалды арнайы көрсететін әдістемеден материалдар, көрнекті экономистердің жұмыстарынан өздігінен таңдалған үзінділер, танымал отандық (кейде батыстық) кәсіпкерлер туралы ақпарат (соның ішінде көркем шығармалар түрінде) пайдаланылуы мүмкін. Оқыту - процесіндегі бұл әдістеме тыңдаушыларға идеяларды түсіну үшін белсенді, «ақылды» оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кейде пассивті қабылдау мен есте сақтауға бағытталған оқуды алмастырады. Оқушыларға экономикалық мәтін идеяларын қабылдауға және жағдаятты қолдануға үйрету үшін үнемі сыни талдау мен оқылымды түсіндіру қажет, сонымен қатар жинақталған идеяларды проблемалау керек. Нәтижесінде мәтіннің идеяларын логикалық талдау, сипаттау және өзара байланыстыру, өз көзқарасымызды/пікірімізді қалыптастыру қабілетіне қол жеткізуіміз керек.
Сонымен қатар, өз пікіріңізді әріптестердің немесе мұғалімнің ұстанымымен салыстыра аласыз, алайда оның ресми беделіне байланысты мұғалімнің позициясын қабылдау қаупі бар. Егер оқушыларға мәтінді өз бетіңізше оқып және талдауға тапсырма берсеңіз, авторлар, жұмыс атаулары, терминдердің мағыналары туралы ұсыныстар беруіңіз керек.
Мәтінді оқығаннан кейін ойлар мен идеяларды бекіту үшін тыңдаушыларға түсініксіз сәттер туралы сұрақтар жазуға ұсыныс беру керек. Сұрақтарға сүйене отырып, топтарда талқылауды ұйымдастыра аласыз, онда олар өздері сұрақтар қойып, бірге жауап іздеуге тырысады.
Ұсынылған әдістердің бірі – тақырыпты пазлдар қағидасы (puzzle) бойынша бөліктерге бөлу және онда бір тақырыптың әр бөлігі бірнеше қимақағаздарға жазылады. Шағын топтар қимақағаздарды қолданып және олардың логикалық тәртібін талдай отырып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарастарының белгілі бір мәтінін жасай алады. Жұмыстың нәтижесі – ұжымдық талқылау аясында жасалған дәлелдері бар презентация болып табылады.
Бұл жұмысты алмастыруға болады. Мысалы, жаңа тақырып үшін сұрақтар және жауаптар көрсетілген қимақағаздар жасалады: қимақағаздардың бір жинағында сұрақтар және екінші жинағында дұрыс жауаптар. Барлық қимақағаздарды кездейсоқ өзара араластыру арқылы топқа сәйкес келетін жұптарын табуға мүмкіндік бере аласыз.
Қарқынды/белсенді оқыту. Аудиторияда берілетін ақпарат көлемінің аздығына байланысты теориялық бағыттағы дәрістер ойлау процесінің пассивтілігіне ықпал етеді.
Қосымша маркерлер немесе ынталандыру тетіктері болмаған кезде есте сақтау қиынға соғады. Белсенді оқыту форматы тақырыпқа тереңірек үңілуге, ол туралы ойлауға және оны объективті түсіндіруге көмектеседі. Белсенді оқыту зерттеу, түсіндіру немесе ойлау арқылы білімді шоғырландырудағы кемшіліктерді ішінара жояды. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет