Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «Өтінемін» жаттығуын өткізеді
Мақсаты: көңіл-күйді көтеру және одан әрі жаттығуларға бейімделу.
1-нұсқа. Ойынның барлық қатысушылары жүргізушімен бірге шеңбер құрады. Жүргізуші әр түрлі қимылдарды (дене шынықтыру, би, қалжың) көрсететінін айтады, ал ойыншылар оларды «өтінемін» сөзін қосқан жағдайда ғана қайталауы керек. Кім қателессе, ойыннан шығады.
2- нұсқа. Ойын бірінші нұсқадағыдай жүреді, бірақ қателескен адам ғана ортаға шығады және қандай да бір тапсырманы орындайды, мысалы, күлімсіреу, бір аяғымен секіру және т.б. Ескерту: бұл жаттығу әзіл үшін жасалғанын басынан бастап келісу керек. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы: «Көкжиек-Горизонт», 2019., 188 бет
|