Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау Бизнес-кейстерді талқылаған кезде сіздің міндетіңіз — оны талқылау және өзара әрекеттесу үшін 5 адамнан тұратын шағын топтар нысанында ұйымдастырған жөн.
2-кезең. Теория-практикалық:
Сабақтың ортасы 25 минут
Мұғалім сабақтың мазмұнын түсіндіреді:
«Біз сіздермен баға құрумен байланысты кейбір мәселелерді қарастырдық - баға деген не екенін, баға белгілеу үшін қандай тәсілдер бар екенін білдік, баға құру құрылымымен, баға саясаты мен стратегиялармен таныстық. Бүгін біз осы ұғымдардың барлығын Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортындағы баға белгілеу қызметінің мысалында қарастырамыз».
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс істеу. 1-тапсырма Теориялық сабақтағы «баға саясаты» бөлімін мұқият оқыңыз. Келесі ұғымдар "Шымбұлақтың" баға стратегиясында қалай көрініс табатынын талдаңыздар: 1. тіркелген және өзгермелі бағалар; 2. бәсекелестік; 3. компанияның мақсаттары; 4. маркетингтік стратегия; 5. мақсатты топ және оның төлем қабілеттілігі.
Жауабы:
Тіркелген және өзгермелі бағалар. Кейбір жағдайларда сатып алушы өнімге қанша шығын кетіретінін алдын ала білу үшін баға тіркелген болуы тиіс. Кейбір жағдайларда бағаны маусымға, мерекелерге немесе басқа факторларға байланысты, өзгермелі не икемді етіп жасаған орынды. «Шымбұлақ» клиенттердің барынша көп санын тарту үшін өзгермелі бағаларды пайдаланады (жаяу және шаңғы тебушілер, әртүрлі жас мөлшерлері (балалар, студенттер, ересектер, зейнеткерлер) және әртүрлі әлеуметтік топтар (жұмыс және демалыс күндері құнның айырмасы) және курорттың жүктемесін қайта бөледі.
Бәсеке. Сіздің бәсекелестеріңізде ұқсас тауарлар қанша тұрады? Артықшылық алу үшін бағаны төмендеткен жөн бе? Немесе, керісінше, бағаны көтерген жақсы ма?
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
курорты болып табылады (ірі және қалаға ең жақын орналасқан). Аталған жағдайда жоғары баға сервистердің, тау бөктерінің сапасының, орналасу ыңғайлығының және курорттың басқа артықшылықтарының көрсеткіштері болады. Компания мақсаттары. Бағаны белгілеп, сіз компанияңыз нені қалайтынын түсінуге тиіссіз: төмен бағамен сатып алушылардың көп санының немесе жоғары бағамен адамдардың
«таңдаулы» тобының қажеттілігін қанағаттандыру. «Шымбұлақ» пайданы барынша көбейтуді өзінің мақсаты ретінде қояды. Дәл сондықтан ол жайлылық деңгейіне және шаңғы тебу күндерінің қолайлығына байланысты өз қызметтерін саралайды, ал бұл тұтынушылардың кең тобын қамтуға мүмкіндік береді. Маркетингілік стратегия. Сіз өзіңіздің тауарыңызды қалай және қайда жарнамалайсыз? «Шымбұлақ» жарнамалауды қажет етпейді, себебі қаланың барлық тау шаңғышылары оның клиенттері болып табылады. Десе де, кассаларға кезектегі адамдардың ағынын азайту үшін,
«Шымбұлақ» меншікті веб-сайт арқылы абонементтерді төлеу опциясын енгізді, сөйтіп, курорт меншікті сайтты оның қызметтерін сатып алу құралы ретінде жарнамалайды. Нысаналы топ және оның төлем қабілеттілігі. Сіздің клиентіңіз кім? Сіздің өніміңізге ол өз бюджетінен қанша ақша бөле алады?
85 Өйткені курорттың клиенттері — табысы ортадан жоғары (және орта) адамдар, «Шымбұлақ» абонементтердің айтарлықтай жоғары құны кезінде де клиенттердің ағымын көздей алады. Десе де, балаларға, студенттерге және зейнеткерлерге арналған жеңілдіктер халықтың төлем қабілеттілігі төмен топтарынан да пайда табуға мүмкіндік береді