Мұғалім оқулықтан сабақтың теориялық бөлігін түсіндіреді.
Әрі қарай оқулықтағы жаттығуларымен жұмыс жасалады. 1-тапсырма Не себепті кейбір дүкен не кафелерге барғыңыз кеп тұрады, ал кейбіреулерін сыртынан айналып кетесіз? Не себепті сол дүкен не кафені таңдап алдыңыз?
2-тапсырма Қалай ойлайсыздар, кітап дүкені, гүл сатылатын дүңгіршек, жеміс-жидек дүңгіршегінің қандай физикалық атрибуттары маңызды деп есептейсіз? 3-тапсырма Балмұздақ өндірушіге арналған «4Р» негізгі тұжырымдамасының негізінде маркетинг-микс жасап көрейік.
1-қадам. Компанияға өте ыңғайлы болатын «P»- лар ды таңдап алыңдар. Саласына қарай «Р» жиынтығы өзгеріп отыруы мүмкін.
Мұндай жиынтықтағы балмұздақ үшін әдеттегі «4Р» (өнім, сатылатын жер, бағасы, өнімді жылжыту) + қаптама, нарықтағы алатын орны, пайдасы болуы мүмкін. Соңғы үш «Р» өнімнің ерекшелігіне байланысты. Бұл үйіріп әкететіндей тауар болуы керек: тұтынушы көрген бойда қызығатындай болуы керек, ол үшін қаптамасы мен көрінісі көз тартып тұруы тиіс. Балмұздақ сату үшін мұздатқыш инфрақұрылымы мен жарнама қажет болғандықтан, «пайда» элементі бүкіл қызметтің тиімділігін білдіретін бағалауыш көрсеткіш ретінде енгізілді.
2-қадам. Таңдап алынған әрбір «Р»бойынша компанияның қызметі немесе тауар сәтті шыққан болсын. Бұл көрсеткішті кейін де сақтап қалу мақсатымен қадағалап, жоспарды түзетіп отыру үшін осы күйді нақты өлшем ретінде жазып алуғ қажет.
3-қадам. Тұтынушылар арасында сауалнама жүргізіп, өз пікіріңізді, компания қызметкерлерінің сараптама пікірін пайдалана отырып, әрбір «P» бойынша компания тауарының нақты күйін сипаттаңыз. Ол үшін смайликтерді пайдалануға болады.
4-қадам. Кейін маркетинг жоспарға негіз болатын түзетуге бағытталған іс-әрекетті нақтылаңыз.
5-қадам.Іс-әрекеттердің дұрыс реттілігін қалыптастыру және жарнамалық бюджетті тиімді бөлу үшін түзету шараларын жүргізудің басымдықтарын белгілеңіз.
6-қадам. Белгілі бір басымдықтарға сәйкес жарнамалық бюджетті және қолда бар ресурстарды тиімді бөліңіз.
Маркетингілік жоспарды құрыңыз.
(Оқулықта 20-бет)
4-тапсырма Таңдап алған өніміңіздің «4Р» маркетинг-микс үлгісін дайындаңыз Мұғалім мен оқушылар оқулықтағы кейсті талдайды
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
https://youtu.be/G1kDIDI4 GWA