Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет142/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің және оқушының әрекеті

Ресурстар

1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:




Сабақтың басы
10 мин.

Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін
«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуын өткізеді Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады немесе қолдарын көтереді. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т. б. сұрақтар қоюға болады.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет

2-кезең. Теория-практикалық:







Сабақтың ортасы 25 минут

Оқушылар алдыңғы сабақта маркетингілік зерттеудің не екенін, қалай жүргізілетінін білді. Бүгін сондай зерттеулерді оқушылардың өздері жүргізеді. Берілген мәліметтерді негізге ала отырып, таңдап алған өнімдерін зерттеулері керек.
Мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы береді:
«Сіздің компанияңыздың өнімі бойынша бәсекенің күшеюін байқағаныңызды елестетіп көріңіз. Соңғы алты айда нарықта жаңа ойыншылар пайда болып, тұтынушыларды тарта бастады. Сол себепті компания сол өнімді қайта шығармақшы. Жүргізілген маркетингілік зерттеулерден кейін ұтымды түрде шығарылған өнімнің мысалы ретінде «Пиала» шайын атауға болады. Өндірушілер шайдың қаптамасын ғана емес, нарықтағы сипатында өзгертіп жіберді.


Қалыптасқан жағдаятты ескере отырып:

  • өніміңізді зерттеудің мақсатын;

  • зерттеудің бес негізгі міндетін;

  • ақпарат жинау әдістемесін айқындаңдар.

Кабинеттік зерттеулер
Әрі қарайғы іс-әрекетті жоспарлау үшін нарықтағы ахуалды біліп, даму үдерісін түсіну керек. Алдымен өңделген ақпаратты пайдаланып, кабинеттік зерттеулер жүргізу қажет. Жағдайды ескере отырып, өніміңіз үшін пайдаланылатын өңделген ақпараттың ең кем дегенде бес дереккөзін, одан қандай мәлімет алғыңыз келетінін жазып қойыңыз. Далалық зерттеулер
Қайта шығаруға қатысты шешім қабылдау үшін қандай ақ парат жетіспейтінін анық таңдар. Даладағы зерттеулердің көмегімен қандай мәсел ел ерді айқындағыңыз келетінін нақтылап, тізі мін жасаңыз. Даладағы зерттеулерде айқындалатын негізгі мәселелер (мысалы, өніміңізді кімдер пайдаланады? Олар өніміңіз туралы не ойлайды?)
Сонымен, далалық зерттеулердің көмегімен қандай мәлімет алуға болатынын білдіңіз. Енді сауалнама жүргізу үшін материал даярлау қажет. Мәлімет алу үшін керек болатын 12-15 сұрақтан құралған сауалнама

Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта




дайындаңыз.
Сауалнама.
1... соңғы рет қашан алып едіңіз? (өнімнің атауы) а) Осы аптада; б) Соңғы айда; в) 2-3 ай бұрын; г) Жарты жыл не одан бұрын; д) Ешқашан.

  1. Осы уақытқа дейін ... (өнімнің атауы) алып көрме ген болсаңыз, не себепті?

  2. Егер (өнімнің атауы) бір айға дейін алмасаңыз, не себепті?

Мәлімет жинау
Дайындаған сауалнамаңыз бойынша туған-туыс, досқұрбыларыңызға сауалнама жүргізіп көріңіз. Бастапқыда 20-25 адамға ғана сауалнама жүргізуге болады. Сауалнама нәтижесін негізге ала отырып, нарықтағы ахуал жайында шағын есеп дайындаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет