Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет160/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-тапсырма
Кез келген брендті таңдап, оның визуалды, вербалды және жүріс-тұрыс элементтерін көрсететін ұқсас кесте жасаңыз.
Таңдалған брендті позициялау үшін осы элементтердің не үшін таңдалғаны туралы қорытынды жасаңыз. Тапсырма шығармашылықты қажет етеді. Ол оқушылардың теориялық ақпаратты қалай меңгергенін және оларды практикада қолдануға болатынын көрсету керек.
3-тапсырма
Starbucks кофелер желісі өзінің позициялануы үшін брендтің осы элементтерін ("Біз не көреміз", "Біз не естиміз", "Біз не сезінеміз", "Рационалды артықшылықтар", "Эмоционалдық артықшылықтар", "Құндылықтар", "Тұлға", "Брендтің мәні") неге таңдағанын түсіндіріңіз.
Starbucks клиенті – әртүрлі жастағы орташа табысы бар адам. Starbucks өз кофеханаларын тек кофе ішіп қана қоймай, сонымен бірге достармен уақытты көңілді өткізетін, биснес серіктестермен кездесетін немесе жалғыз өзі кітап оқып отыруына болатын ыңғайлы жер екенін көрсеткісі келеді. Брендтің жеке әрі жайлы атмосфера жасауы, әр шыны-аяққа клиенттің есімін жазуы, аты-жөні бойынша шақыруы осыдан шығып отыр. Тұтынушылар кофеханаға жиі келіп тұруы керек – өйткені бұл жер олар үшін әлеуметтенуге қолайлы, тіпті «екінші үйіндей». Сондықтан кофехана желісі өзін нарықта сенімді ұстайды, тұтынушы өзі жүрген кез келген аймақта сүйікті кофеханасына бара алуы үшін қаланың әр жерінен көптеген кофеханалар ашып қойған.
4-тапсырма
Брендті дамытудың әр кезеңінің маңыздылығын сипаттаңыз (маркетингтік зерттеулер, нейминг атауы, қаптамасы, брендті жылжыту стратегиясы, нарыққа шығу).
Оқушылар тағы бір рет брендтің әр кезеңнің мәнін өз сөздерімен сипаттап, әрқайсының маңыздылығына тоқталады. Сабақтағы жұмысты түрлендіру үшін оқушыларды 5 топқа: «Маркетингтік зерттеулер», «Нейминг атауы», «Қаптамасы», «Брендті жылжыту стратегиясы», «Нарыққа шығу» бөлуге болады. Әрбір топ қысқаша презентация дайындайды, оның барысында олар сыныпты белгілі бір кезеңнің маңыздылығына сендіріп, өз сөздерін мысал келтіріп дәлелдеуі керек. 5-тапсырма
Неліктен брендтің даму кезеңдері дәл осы берілген тәртіпті сақтайды деп ойлайсыз?
Тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілетін көрсетуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет