Сабақтың ортасы 20 минут
|
Оқушылармен бірге алдыңғы теориялық сабақтан бренд платформасының схемасын тағы бір рет қарап шығыңыз.
Оқушылар бренд пирамидасының әрбір элементінің мағынасын түсінгендігіне көз жеткізіңіз.
Түсінбеген жерлері бар ма екен, сұраңыз. Содан кейін әр топтың оқушылары жиналып, бір-біріне кедергі келтірмейтіндей жұмыс орнын белгілеңіз. Өздері сұрамайынша олардың топтық жұмысына араласпаңыз.
Бірақ жұмысты ұйымдастыруға – топтағы рөлді бөлуге, топ басшысын анықтауға, ортақ шешім қабылдауға көмек көрсетуіңізге болады.
Мысалы, бір шешімге келе алмаған жағдайда олар дауыс беру көмегіне жүгіне алады.
Сабақтың соңғы 15 минуты олардың әзірлеген бренд-пирамидасының таныстыруына берілетінін хабарлаңыз.
Оқушылар өз бренд-пирамидасының суретін салып, оны сынып алдында таныстыруы үшін оларға ватман қағазын үлестіруіңізге болады.
Оқулық бойынша жаттығулармен жұмыс жасау.
1 –Тапсырма
Бренд тұғырнамасының схемасын пайдалана отырып, сіздің өніміңіздің мақсаттарына сай оны толтырыңыз.
Бренд тұғырнамасының барлық жеке элементтері негізінде сіздің брендіңіз туралы шағын әңгімепрезентацияңызды дайындаңыз.
|
Әдістемелік құрал:
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған / С. А. Щеглов, Е. С. Дүйсенханов, А.М.Фазылжанова, А. А. Сейтенова — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2019. —112 бет.
Сабақ презентациясы.
Оқулық, интерактивті
тақта
|