Сабақтың басы
10 мин.
|
Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды.
Мұғалім психологиялық көңіл-күйді көтеру үшін «СУПЕРЗАТ» жаттығуын өткізеді
Бұл жаттығуда қатысушылардың ойлауының өзіндік ерекшелігі ғана емес, сонымен қатар олардың командада жұмыс істеу қабілеті де маңызды.
Қатысушылар әрқайсысында үш-төрт адамнан құралған бірнеше топқа бөлінеді. Командалар бірнеше минут ішінде кез-келген затты қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тауып, жазып алуы керек, мысалы, қаламдар, қағаз қыстырғыштар, шыныаяқтар және т.б. Уақыт аяқталғаннан кейін командалар өз нұсқаларын оқып, затты қолданудың қайталанатын тәсілдерін алып тастайды. Нәтижесінде ерекше жауаптардың ең көп санын берген топ жеңеді.
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын анықтау
|
Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 10-сыныпқа арналған оқулық. 2- бөлім/ Е. С. Дүйсенханов, С. А. Щеглов, Д. Ханин, А.М. Фазылжанова, А. А. Сейтенова. — Алматы:
«Көкжиек-Горизонт»,
2019., 188 бет
|