Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет220/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Екінші жаттығу: «Дыбысты доп»
Сынып шеңберге тұрады да қиялындағы допты бір біріне лақтырып жатқанын елестетеді. Лақтырушы өзі лақтырамын-ау деген адамына қарайды да допты лақтырған қимыл жасайды. Допты лақтыру кезінде ол өзі ойлап тапқан ерекше бір дыбыс, шу шығарады. Допты қағып алушы оны іс-қимылмен көрсете отырып, лақтырушы адамның дыбысы мен шуын айнытпай қайталауы керек. Одан кейін ол өзі жаңадан дыбыс, шу ойлап табадыда допты келесі адамға лақтырады. Қиялдағы доптың қолда 2 секундтан артық болмауын қадағалаңыз. Сондай-ақ допты қағып алу кезінде дыбысты айнытпай қайталай алмаған адамды да ойыннан шығарып тастауға болады.
Үшінші жаттығу: «Ал, қанеки!»
Сыныптағылар аудиторияда қалауынша орналасады да, қатысушылардың біреуі: «Ал, қанеки, біз... деп елестетейік...» деп жағдаят ойлап тапқанын күтеді. Бұл жағдаят мәселен, мынадай болуы мүмкін: «Ал, қанеки, біз дүкенде кезекте тұрмыз, бірақ онда не сатылатынын білмейміз деп елестетейік». Жағдаятты ести салып бәрі «Қанеки» деп айқайлайды да, 5 секунд ішінде жағдаятты орындай сала қайта тарап кетеді. «Ал қанеки, біз тартылыс күшінің не екенін білмейтін едік, енді оны сезініп көрсек қайтеді?». Барлығы бірдей «Ал, қанеки!» деп айқайлайды. Жағдаят 5 секунд орындалады. Ойында уақыт бойынша немесе командалардың саны бойынша ұйымдастыруға болады.
Төртінші жаттығу: «Иә және тағы…»
Тақырып таңдаймыз, мысалы «пикник». Бірінші қатысушы «Пикник ұйымдастырайық!» дейді, келесісі дереу: «Иә және тағы пиццаға тапсырыс берейік» десе, одан кейінгісі: «Иә және ойын ойнайық» дейді. Қыздыру немесе сергіту жаттығулары әр түрлі формада өткізіле береді: белгілі бір уақыт аралығында; ештеңе ойлап таба алмағандардың ойыннан шығып қалуына қарай; сондайақ жүргізушінің қалауына қарай 2-3 тақырып бойынша өтеді.




3-кезең. Рефлексивті-қорытындылаушы:

Сабақтың соңы 10 минут

Сізге сыныптың тонусын көтеру қажет, өйткені жоғары ойлау белсенділігі оқушылардың күш-қуатын жылдам төмендетеді. Оқулықтан сергіту ойындарын пайдаланыңыз. Сондай-ақ олар бір блокпен қатарынан орналасса да, сізге олардың барлығын бірден өткізбеуге болады. Бір ойынды өткізіңіз, ал қалған ойындарды қажет деп санаған кезде, кейінірек өткізесіз. Егер уақыт қалса, мұғалім пікірталас өткізеді, кері байланыс береді

Рефлексия



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет