Сабақтың ортасы 25 минут
|
Әрі қарай мұғалім "Минималды өміршең өнім деген не" блогын түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:
Олар қалай ойлайды, олардың MVP қандай болуы мүмкін? Ол үшін қандай минималды жағдайлар қажет? MVP болу неге маңызды? Бұл стартаптың қаржысына, уақытына және басқа шығындарына қалай байланысты? Олар Қазақстанда немесе әлемде MVP стратегиясының тағы қандай мысалдарын біледі?
Әрі қарай мұғалім MVP түрлерін түсіндіруге көшеді. Бұл кезеңде оқушылар осы ақпаратты жақсы меңгергені маңызды, өйткені бұл стартаптың даму тиімділігіне тікелей әсер етеді, күш-жігерді, уақытты және салынған қаржыны үнемдейді. Оқушылардан MVP-нің әр түріне түсінгенінше мысалдар келтіруді сұрауға болады (жаңа қосымшалар, салондар, оқу курстары, гаджеттер). MVP түрін дұрыс анықтаудың қандай артықшылығы бар? Мұғалім "MVP құру схемасы" блогында
MVP құру әдістемесін талқылауды жалғастырады.
Build it — жасау кезеңінде клиенттің сұранысын анықтау маңыздылығына ерекше назар аударыңыз, себебі егер өнім қажет болмаса, онда оны ешкім сатып алмайды.
Теориялық бөліммен таныстыруды аяқтаған соң, оқушылар практикалық бөлімге көшеді.
1-тапсырма. Оқушыларға командада жұмыс істеуді және MVP қай түрі олардың стартаптарына сай келетінін және оны құруға қанша уақыт пен қаражат қажет болатынын анықтау ұсынылады.
2-тапсырма. Бірінші тапсырманың тұжырымдары негізінде 2-тапсырма бойынша жұмысты оқушылар жалғастыруы қажет.
Командамен жұмыс істеп, өз стартапыңызға арналған минималды өміршең өнімнің жобасын құруды мұғалім ұсынады (сурет түрінде немесе толық сипаттауға болады).
|
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Әрі қарай 1
және 2-
тапсырмаларды орындау керек. Командаларда жұмыс істей
отырып, оқушылар өздерінің стартаптары үшін минималды өміршең өнімнің жобасын (сурет
немесе егжейтегжейлі сипаттама түрінде) жасайды.
|
Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11-сыныпқа арналған /Е. С.
Дүйсенханов, Н.Е.
Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек Горизонт, 2020.
297 бет. Оқулық, тақта
Оқулық, үлгілері
|
-
—
толтыру
|