Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет268/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақт ың
кезеңі/

Педагогтің әрекеті

Оқушының
әрекеті

Ресурстар




уақыт










1-кезең. Ұйымдастырушылық-мотивациялық:

Сабақты ң басы 10 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, алдыңғы сабақтарда нарық көлемін талдағандарын, тұтынушыларды сегменттегендерін және әлеуетті клиенттердің аватарларын суреттегенін естеріне салады. Енді пайдаланушыларға сату үшін оларға БСҰ жеткізу керек. Мұны қалай істеуге болады? Оқушылар бұл туралы не ойлайтынын сұраңыз. Олар мәселенің шешімін қалай елестетеді?
Тұтынушыға ақпарат берудің барлық түрлері коммуникация арнасы деп аталатынын және ақпаратты беру түріне қарай офлайн және онлайн-арналар деп бөлуге болатынын мұғалім айтады.

Оқушылар мұғалімнің сұрағына жауап береді.
Оқушылар коммуникациян ың әртүрлі түрлерін атайды: Интернет- жарнама, билбордтар, жарнама парақшалары, радиоға жарнама беру және басқалары.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11сыныпқа арналған оқулық. 1- бөлім/ Е. С.
Дүйсенханов, С. А.
Щеглов, Д. Ханин, Н.
Е. Жұлдызбаев. — Алматы: Көкжиек-
Горизонт, 2020., 54-60 бет

2-кезең. Теория-практикалық:

Сабақты ң ортасы 25 минут

Әрі қарай, мұғалім оқушылармен ең көп таралған офлайн байланыс арналарын ғана талдайды:

  1. Дүкен немесе компанияның кеңсесі.

  2. Журналдағы немесе газеттегі мақала.

  3. Визиткалар.

  4. Стикерлер немесе стикерлер.

  5. Радиодағы жарнама.

  6. Кездесулер мен семинарлар өткізу.

  7. Тауарларды брендтеу.

  8. Қоңыраулар.

  9. Афишалар.

  10. Сауда көрмелеріне, жәрмеңкелер мен фестивальдерге қатысу.

Оқушыларға «Офлайн және онлайн» блогымен өз беттерінше танысуларын мұғалім ұсынады. Сосын «Рахмет», Эйр Астана сервисі, «Рахат» кондитерлік фабрикасы немесе басқа да отандық компаниялар пайдаланатын офлайн және онлайн коммуникация арналарының үлгілеріне мысал келтірулерін сұрайды. Оқушылардан олардың стартаптары пайдаланушыларға өнімнің қандай типін — физикалық (заттай) немесе виртуалды түрін ұсынатынын мұғалім сұрайды. Олардың өз клиенттерінің аватар- ларын еске түсірулерін сұрау қажет. Олар қандай коммуникация арналарын пайдаланады? Ары қарай офлайн коммуникациясының ең көп таралған ар- наларына арналған блокты таныстыруға көшу қажет. Сосын оқушылардан олар өз стартаптарын алға бастыру үшін осы

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді
Оқушылар ең көп таралған офлайн байланыс арналарын талдап, офлайн және онлайн байланыс арналарына мысалдар келтіреді.
Оқушылар
Pillowz.kz.
стартапты жылжыту мысалын
талқылайды

Әдістемелік құрал: Кәсіпкерлік және бизнес негіздері. 11сыныпқа арналған /Е. С. Дүйсенханов, Н.Е. Жұлдызбаев, С. А.
Щеглов — Алматы: Көкжиек-Горизонт, 2020. —297 бет. Оқулық, тақта







арналардың қайсысын пайдалана алатынын мұғалім сұрайды. Неліктен? Бұл арналар олардың клиенттерінің мүдделерін ескереді? Олар басқа қандай арналарды пайдалана алады? Олардың пікірінше қандай арналар қаржы бойынша ең аз шығынды қажет етеді? Қайсысы — ең тиімдісі? Олар неге олай ойлайды?
Талқылаудан кейін оқушылар мұғаліммен бірге Pillowz.kz стар- тапын алға бастыру мысалын талдайды. Оқушылар қандай жаңа коммуникация арналарымен танысты? Олар өз жобасын, тіпті ол виртуалды болса да алға бастыру кезінде осы тәжірибені қалай пайдалана алады? Оқушылар қалай ойлайды, офлайн-арнасының тиімділігі неде?


Оқулық, тақта






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет