Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет31/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

Сабақтың ортасы 25 минут

Бизнес-кейсті талдау кезіндегі тапсырма – талқылау және өзара байланыс үшін оны 5 адамнан тұратын шағын топ түрінде ұйымдастыру. Кейс проблемасын шешу ерекше болсын деп ескертіңіз.
Бұл тапсырмада шешімнің көп нұсқасы мен сабақ барысының бірқалыпты өтпеуіне рұқсат. Оқушыларда пікірталас ұйымдастыру үшін пайдаланатын қарамақарсы көзқарастар туындауы мүмкін.
Әртүрлі көзқарасқа жол бере отырып, олардың пікірлеріне баға қоймайтыныңызды аңғартып, әрі олардың пікірлерін ашық айтқандары үшін алғыс айтып отыруыңыз маңызды. Бұл кейстің мәні – оқушыларда алған барлық ақпараттарын пайдалана отырып проблемаға қатысты өз ойларын қалыптастыру.
Арслан Даримовтың тарихы - 17 жасында өз ісін қалай бастау және оны сәтті ету туралы әңгіме. Арслан университетте оқымады және 11-сыныптан кейін бірден Rocket Study ағылшын тілі мектептерінің желісін ашты. Барлығы ағылшын тілі бойынша оқулықтарды сатудан басталды, одан әрі - өзі сабақ берген шағын кеңсе, үлкен кеңсе, содан кейін бүкіл Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы қаласы бойынша білім беру орталықтарының желісін ашты.
Сабақ барысында кейіпкер жөнінде бейнеролик көрсетуге болады.
https://www.youtube.com/watch?v=jpJuS-POKDY1-тапсырма.
Өз орталығын ашу үшін Арсланда қандай ресурстар болғандығы туралы ойланып жауап беріңіз.
Жауабы: Арсланның ресурстары – ағылшын тілін білуі, өз сынынан өткен емтиханға дайындалу
әдістемесі және 70000 теңге алғашқы капитал 2-тапсырма.
Қолда бар ресурстармен Арслан проблеманың (кабинет, жабдықтар, жарнама) шешімін қалай тапқанын елестетіп көріңіз
3-тапсырма.
Арслан осы кезеңде өз бизнесін дамытуды қалай жалғастырады, тағы не істеуі мүмкін?
2 және 3-тапсырмаларға жауап беру кезінде оқушылардың креативтілік танытып, өз идеяларын ортаға салуға мүмкіндік беріңіз. Бұл идеялар шынайы көрінбесе де өздеріңді шектемеңдер деп ынталандырып отырыңыз. Олар неғұрлым көбірек идеяларды айтса, соғұрлым жақсы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет