Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің


«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы



бет411/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады немесе қолдарын көтереді. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т. б. сұрақтар қоюға болады.

«Жұпты табу» жаттығуы


Мақсаты: вербалды емес қарым-қатынас құралдарына сезімталдықты дамыту; топтың басқа мүшелерімен шығармашылық қарым-қатынас жасау; топ мүшелерінің өзара түсінушілігін дамыту; вербалды емес құралдармен өзін көрсету дағдыларын дамыту. Уақыты: 10 минут.
Материалдар: жануарлардың атаулары бар қағаз жолақтары.
Ойыншыларға жануарлардың атаулары жазылған қағаз жолақтары беріледі. Сөйлеспей, әркім өзінің сәйкес жануар атауы бар «жұбын» табуы керек. Жұптар шеңбер ортасына шығады. Әр жұп өз жануарларын қимылдармен бейнелейді, қалғандары бұл жануардың не екенін білуі керек.

«Түстер қауымдастығы» жаттығуы


Мұғалім кез-келген түсті атайды, оқушылар бұл түске сәйкес келетін затты шеңбер бойынша атау керек. Мысалы: қызыл түс - құлпынай, қызанақ, бағдаршам, қан, өрт сөндіру машинасы, шие және т. б.

«Көңілді есеп» жаттығуы


Мақсаты: сергіту жаттығуы. Оқушылар арасында ойлау мен зейінді дамыту үшін қолдануға болады.
Бұл жаттығуды жүргізу үшін әр командаға 0-ден 9-ға дейінгі сандар жазылған карточкалар жиынтығы алдын-ала дайындалады. Топ 2 командаға бөлінеді. Командалар жүргізушіге қарама-қарсы қатарға тұрады, олардың алдына екі орындық қойылады. Әр ойыншы сандардың бірі жазылған карта алады. Командалар үшін жүргізуші мысалды оқығаннан кейін, нәтижені құрайтын сандары бар ойыншылар жетекшіге қарай жүгіреді және жауапты оқи алатындай орындықтарға отырады. Мысал: 16+5 болды делік. 2 және 1 сандары жазылған карточкалары бар қатысушылар жүргізушінің жанындағы орындықтарға отыруы керек, өйткені 16 және 5 қосындысы 21-ге тең. Мұны тез және дұрыс жасаған команда ұпай жинайды. Есеп бес ұпайға дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет