Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет413/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Құйрықтағы көз» жаттығуы


Мақсаты: біріктіру, сергіту, басқа адамдарды басқаруға және басқаратын адамның нұсқауларын орындауға үйрету.
Жаттығудың сипаттамасы: қатысушылар бағанға тұрады, әрқайсысы қолдарын алдыңғы оқушының иығына қояды. Мұғалім қатысушыларды көздері басында емес, құйрығында орналасқан жұмбақ қырықаяқ екенін түсіндіреді. Соңғысынан басқасы, бәрі көздерін жұмады, ал құйрығында тұрған адам бүкіл «қырықаяқтың» қимылдарын басқарады, дауысымен алдыңғы және қажет болған жағдайда басқа қатысушыларға бұйрық береді.
Міндет - белгілі бір траектория бойымен қозғалу (бөлменің периметрі бойынша серуендеу, бірнеше орындықтар арасында «жылан» секілді өту және т.б.). Егер мұғалім соңғысынан басқа біреудің көзін ашатынын байқаса, «қырықаяқ» қайтадан басынан бастап қозғалысты бастайды. Ойын 3-5 минутқа созылады, әр минут сайын қатысушылардың бағанға орналасу тәртібі өзгереді. Талқылау:

  • «Қырықаяқтың» қозғалысын басқару тапсырмасының күрделілігі неде? Оны қандай қасиеттер сәтті шешуге мүмкіндік береді?

  • Қатысушылар саптағы бағанның әртүрлі жерлерінде болған кезде (мысалы, басында болған, содан кейін құйрыққа жақын орналасқан) ойынның әсері қалай өзгерді?

«Қырықаяқ» жаттығуы


Мақсаты: сергіту, біріктіру, қажет болған жағдайда өз іс-әрекеттерін басқалардың ісәрекеттерімен үйлестіруге сенімді жүріс-тұрысқа үйрету.
Жаттығудың сипаттамасы:
Қатысушылар 2-3 командаға бөлініп, бағандарға тұрады. Олардың әрқайсысы сол аяғын бүгіп, алдыңғы жағында тұрған қатысушының иілген аяғын (аяқ білегінің аймағында) екі қолмен ұстайды. Мұғалімнің бұйрығымен колонна осы кейіпте қозғала бастайды, олардың арасында қозғалыс жылдамдығы үшін жарыс ұйымдастырылады.
Талқылау: қатысушылар ойыннан алған әсерлерімен және жеңіске ең көп үлес қосқан адам туралы ойларымен бөліседі.

«Сөйлемей сәлемдесу» жаттығуы


Қатысушылардың әрқайсысы топпен сәлемдесіп, ауызша емес сәлемдесуді көрсетуі керек. Бұл байланыссыз сәлемдесу (қолды бұлғау, басын ию, реверанс жасау) немесе байланыс жасап (қолмен амандасу, құшақтау) амандасу болуы мүмкін.
Әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтарға тән сәлемдесулерді қолдануға болады. Мысалы, пионерлік салют, жапондық тағзым жасап иілу және т. б
Топтың қалған мүшелері сәлемдесуге олармен амандасқандай жауап береді (олар дәл солай жауап береді, қолын созады және т.б.).
Бұл жаттығуды шеңбер бойымен де, кездейсоқ тәртіпте де дайын болған кезде немесе допты беру арқылы жасауға болады.
Мұғалім үшін бұл жаттығудың қосымша диагностикалық мәні болуы мүмкін. Топ мүшелерінің қайсысы тығыз байланыс орнатты? Мұндай байланыстан бас тартуға кім тырысты? Кім ең тапқыр болды? Қол алысу қалай жүзеге асырылды? Және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет