Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет420/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

«Мүмкіндіктер» ойыны
Мақсаты: - дизайн-ойлау әдістемесінің дағдыларын қолдану арқылы стартап идеяларды қалыптастыру.
Қатысушылардың саны: шағын топтар (5-10 адам).
Ресурстар: матадан және қағаздан жасалған майлықтар.

Сурет 1. Матадан және қағаздан жасалған майлықтар
Ойын ережесі: 5-тен 10 адамға дейінгі құралған әр топқа бір бірден майлықты таратыңыз. Кезек бойынша әрбір қатысушы майлықты дастарханда қалай безендіріп, пайдалану керектігін көрсетуі тиіс.

  1. көрсетушіге сөйлеуге болмайды.

  2. ол тұрып көрсетуі керек.

  3. демонстрация шынайы сипатта болуы тиіс.

Қүтілетін нәтиже: қатысушылар майлықтарды пайдалану мүмкіндіктерінің шексіз санының тәжірибесін алмасады, бұл оларға проблемаларды шешудің, ресурстарды пайдалану, команданы ынталандыру тәсілдері және т. б. шексіз жолдары бар екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
Дерек көз:https://hrhelpline.ru/30-igr-dlya-sozdaniya-komandy-igra-vozmozh/
«Жарнамалық акция» ойыны
Мақсаты: қарым-қатынастың белсенді стилін меңгеру және топта бәсекелестік қарым-қатынасты және сонымен қатар әріптестікті дамыту; дербестікті, шығармашылық тәсілді дамыту; жарнамалау, көз жеткізу қабілеттеріне жаттығу.
Ресурстар: қағаз парақтары, фломастерлер.
Ойын ережесі: ойыншылардың алдында жаңа өнімнің - «ЭХОПеН» қаламдарының жарнамалық науқанын өткізу міндеті қойылған. «ЭХОПеН» қаламы, онымен жазылған барлық нәрселерді есте сақтайды. Одан әрі бұл ақпарат дербес компьютерге жазылуы мүмкін. Өнім енді нарыққа шығады, сондықтан әлеуетті сатып алушылар ол өнімді біле бермейді.
Оқушыларды 5 топқа-фирмаға бөліңіз. Әр фирма өзінің атауын, ұранын және т.б.
ойлап табуы тиіс. Оқушылар топтың ішінде рөлдерді бөлуі тиіс: біреуі баспадан шығатын жарнама дизайнын (парақшалар, плакаттар) дайындау керек; екіншісі – радио немесе теледидар үшін жарнама; үшіншісі Instagram-да жарық көретін осы тауар туралы пост дайындау керек. Әр рөлді бірнеше қатысушы да орындай алады, содан кейін олар дизайн, жарнама және пост мәтінін бірге дайындайды.
Дайындық аяқталғаннан кейін топ өзінің тауарын таныстыруды ұсынуға тиіс. Сынып үздік таныстырылымға дауыс береді.
Әр топтың таныстырылымын тыңдамаса бұрын барлық оқушылардан жобаны табысты таныстыру критерийлерін еске түсіруді, сондай-ақ стартап-жобаның кезеңдерін және осы тақырып бойынша өткеннің барлығын еске түсіруді сұраңыз. Табысты презентация критерийлерінің кестесін және балл есептеу жүйесін құрыңыз. Командалардың таныстырылымы аяқталғаннан кейін қорытындыларды талқылаңыз. Неге олардың ойынша, басқа емес дәл осы команда жеңді деп санайды. Олар қандай қорытынды жасай алады? Дерек көз: http://storage.elib.mgup.ru/8/Zeldovich_11.pdf.185-186 б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет