Рефлексия үшін жаттығулар
«Өрмекшінің өрнегі» жаттығуы.
Барлығы шеңбер жасап орындықтарға отырады. Мұғалім жіптің орамасын алып, саусағына жіпті орап, шеңбердегі кез-келген балаға жіптің орамасын береді («Мен бұл ораманы Қатираға бергім келеді, өйткені...»). Әрі қарай, екінші қатысушы өз саусағына жіпті орап, ораманы келесіге беріп, таңдауын түсіндіреді. Ары қарай бәрі бір жіппен байланғанша, тағы сол секілді жалғасады,. Сыныпта оқушылар арасында туындаған байланыстарды көзбен көріп байқауға болады. Әр оқушы естелікке саусаққа оралған жіпті кесіп алса болады. «Сыйлық» жаттығуы
Мұғалім: «Қане, сіздің топта өзара іс-қимыл тиімдірек, ал қарым-қатынас одан да ұйымшыл болу үшін біз не сыйлар едік деп ойланайық? Әрқайсымыз топқа не сыйлайтынымызды айтайық. Мысалы, «Мен сізге оптимизм мен өзара сенім сыйлаймын». Әрі қарай, қатысушылардың әрқайсысы топқа не бергісі келетінін айтады. «Қол шапалақ ұрып сәтті қарым-қатынасымыз үшін өзімізді марапаттайық!»
«Комплимент» жаттығуы
Сабақты әсерлі аяқтау үшін «Комплимент» жаттығуларының бір нұсқасын қолдануға болады (Комплимент-мақтау, іскерлік қасиеттерге мақтау, сезімге мақтау), онда оқушылар бір-бірінің сабаққа қосқан үлесін бағалайды және бір-біріне және мұғалімдерге сабақ үшін алғыс айтады. Сабақты аяқтаудың бұл нұсқасы әркімнің жеке маңыздылығын тану қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Көңіл-күй мен эмоционалды сезім рефлексиясы:
1. «Жеделхат» стратегиясы.
Сабақтан түсінген ең маңызды нәрсені партадағы көршісіне тілектерімен қысқаша жазыңыз және жіберіңіз. 2. Партадағы көршіңе арналған сөйлемді таңда:
Жарайсың,
Мен сабақтағы жұмысыңа ризамын,
Өзіңді бүгінгі сабақта одан да жақсы көрсетуіңе болар еді 3. Ұнатқанын таңдап, сөйлемді жалғастырып, сұрақтарға жауап жаз. Бүгінгі күніміз (сабақ, оқиға, ойын) аяқталды, Менің айтқым келгені… Маған бәрінен де … жасау қолдан келді және әсіресе …сәтті болды.
Осы күннен (сабақтан, ойыннан) не алдым?
Өзіңді не үшін мақтай аласың?
Өзіңнің сыныптастарыңның қай әрекетін мақтай аласың?
Мұғалімнің қай әрекетін мақтай аласың?
Достарыңызбен бөлісу: |