Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет48/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-тапсырма
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен ынталандыру өнімді шығару көлеміне және бюджетке төленетін салықтардың түсіміне қалай ықпал етуі мүмкін, ойланып көріңіз?










Өндіріске салықтар жоғары болған сайын, өндірушілерде оларды кеңейтуге пайдалана алатын қаражат соғұрлым азырақ болады.
Тиісінше, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және ынталандыру өндіріске пайдаланылуы мүмкін қаражатты көбеюіне алып келеді. Өнім шығару көлемі (ұсыныс) өседі, бұл кейіннен
бюджетке түсетін салықтардың өсуіне әкеледі
3-тапсырма
«K-Cell» және «Tele-2» ұялы операторлар тарифінің төмендеуі нарықтағы басқа ұялы операторлар сұранысының көлеміне қалай әсер етеді?
Өзара алмастырылатын тауарлар дегеннің не екенін оқушылардың есіне салыңыз. Бұл жағдайда әр түрлі ұялы байланыс операторларының қызметтері өзара алмастырылатын болып табылады,өйткені олар өз пайдаланушыларына бір типті өнімді ұсынады. Тиісінше, өзге де тең жағдайларда "K-Cell" және "Tele-2" ұялы операторлары тарифтерінің өзгеруі басқа ұялы операторлардың қызметтеріне сұраныстың азаюына алып келеді. Сіз кейбір операторлардың тарифтері бағасының өзгеруі неге ұялы байланыс нарығында түбегейлі көріністі өзгертпейді деп сұрай отырып, талқылауды жалғастыра аласыз. Жауаптардың ықтимал нұсқалары пайдаланушылардың әдеті; қосымша сервистер (мысалы, ұялы телефон теңгерімінің көмегімен қалалық көлікте жол жүру ақысын төлеу мүмкіндігі); аймақтық артықшылық — елдің қандай да бір аймақтарында пайдаланушылардың көпшілігі бір операторды, ал басқаларында - басқасын таңдайды; байланыс сапасы (қандай да бір аймақтарда бір оператор басқасынан жақсырақ жұмыс істейді)
және т. б. болуы мүмкін






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет