Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет44/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

2-тапсырма
X.com (PayPal) стартабын іске қосуға қандай ресурстар мен өндіріс факторлары тартылғанын және нәтижесінде неге ол сәтті болғандығын ойлап көріңіз.
Бұл жағдайда өндірістің басты факторы Илон Масктың кәсіпкерлік қабілеті болды. Атап айтқанда, жақын арада адамдардың қандай өнімдер мен сервистерді талап ететінін болжау үшін болашаққа көз жүгірте білуі. Тәуекел ету қабілеті - өйткені, Илонда пайдаланушылардың оның сервисіне сенім артып, өз ақшаларын аудару үшін электронды жүйелерді пайдалана бастайтынына кепілдік болған жоқ. "Пошта" және
"ақша аударымдары"сияқты ұғымдарды біріктіре отырып, стандартты емес және креативті ойлана білу. Сыныппен талқылау нәтижесінде Илон Масктың кәсіпкерлік қабілеттерінің тізімін кеңейтіңіз. Оқушыларда пайда болған барлық идеяларды көрнекілік үшін тақтаға жазуыңызға болады
3-тапсырма
SpaceX-ға тартылған өндіріс факторларының
тізімін кеңейтіңіз.
Илон Масктың жаңа стартап үшін қажет болған барлық өндіріс факторларын оқушылармен талқылай аласыз. Жер: яғни кеңсе, зауыт және ғарыш айлағын салуға арналған алаң. Капитал: қаржы құралдары, жабдықтар, үй-жайлар, бағдарламалық қамтамасыз ету және т. б. Еңбек: компанияға тартылған қызметкерлердің үлкен штаты: инженерлер, бағдарламашылар, ғалымдар, дизайнерлер, жобалаушылар, талдаушылар және т. б. Кәсіпкерлік қабілеттер: өзінің SpaceX стартапында Илон Маск қандай мінез-құлық сипаттары мен тәжірибе қолданғанын тағы талқылаңыз. Ақпарат: бағдарламалау, инженерия, ғарыштық ұшулар және т.б.
саласындағы кең білім.
4-тапсырма
Электромобильдерді шығару үшін қандай ресурстар мен факторлар қажет екенін ойлап көріңіз.
Өндіріс факторлары мен ресурстарын көрсете отырып, Илон Маск олардың бизнессызбасын өзгерте отырып, өз стартаптары үшін бұл тізімді әр уақытта қайта қарайтындығына назар аударыңыз. Әрбір жаңа бизнес үшін Илонға өндіріс технологиясын қайта ойлап табуға тура келеді, өйткені бұл іспен оған дейін ешкім айналыспаған, яғни автокөліктің сырт көрінісін ғана емес, оны өндіру үшін жаңа станоктар, энергия жұмсаудың жаңа технологияларын және т.б. ойлап табудан бастауға мәжбүр.
Бұған қоса, оқушылардың назарын Илон Маск электр энергиясының стандартты емес көздері







автокөліктерге арналған отын, күн батареялары және т. б. сияқты электр энергиясы есебінен ресурстар тізімін белсенді кеңейтетініне аудартыңыз. Яғни, ол ресурстардың стандартты тізімімен шектелмейді және оны дерек ретінде қабылдамайды, оны үнемі жаңа идеялармен толықтырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет