Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 10-11-сыныптар үшін «КӘсіпкерлік және бизнес негіздері» ПӘні бойынша жалпы білім беретін мектептердің



бет56/432
Дата08.12.2023
өлшемі4,13 Mb.
#135133
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   432
Байланысты:
10-11 ҚМЖкәсіпкерлік

3-тапсырма
Неге жоғары сынып оқушылары мен студенттер вайндардың мақсатты аудиториясы болып отыр? Вайндардың қандай нақты ерекшеліктері осы мақсатты аудиторияны баурап алды?
Жауап:
Балаларда, әдетте, смартфондар жоқ, бұған қоса, олар мұндай әзілді әлі түсінбейді. Вайндар жастардың өміріндегі тұрмыстық жағдайларды оларға түсінікті тілде жеткізеді, оларды алаңдататын тақырыптарды қозғайды, оларға таныс фильмдерді, әндерді және т.б. көшіреді
4-тапсырма
Yuframe жетістігі неліктен Елдана
Сатыбалдиевамен бірлескен жобасынан бастау алды? Қазіргі әлеуметтік желілердің қандай заңы мұндай ықпалды мүмкін ете алады?
Жауап:
Елдананың жеке жеткілікті көрермендер аудиториясы болды, Yuframe вайны оның пайдаланушыларының назарын аударды, олар
Yuframe аккаунтын көріп, оған лүпіл қоя бастады, сосын
жастардың танымалдығы тез өсе бастады
5-тапсырма
Неге жарнама берушілер Yuframe­ге назар
аударды? Әлеуметтік желілердегі жарнаманың қандай артықшылығы бар? Қандай кәсіпкерлерге/компанияларға бұл қызық болуы мүмкін?
Жауап:
Сіздің мақсатты аудиторияңыз — студенттер мен жоғары сынып оқушылары деп елестетіңіз. Олардың ең көп шоғырлануын қайдан табуға болады? Әлбетте, ғаламтордан. Онда аудитория миллиондап










саналады. Сізге тек – жастар уақыт өткізетін әлеуметтік желілерден тиісті арнаны табу және оның иелерімен жарнама туралы келісім жасау ғана қалады. Yuframe-ге коммерциялық ұсыныс жасай бастаған компаниялар осындай ойда болды. Егер тереңірек қарайтын болсақ, заманауи студенттер мен оқушылар 5 жылдан кейін жұмыс істейтін, төлемге қабілетті халық болады, егер олар қазір қандай да бір сервиске немесе қызметке назар аударса, болашақта олардың пайдаланушылары болады
Yuframe-ге жарнамаға алғашқы тапсырыстар түсе бастағанда, жастар өздерінің шығармашылық хоббиі толыққанды бизнеске айнала бастағанына таң қала бастайды. Вайн аясындағы жарнамалық роликтер әртүрлі болуы мүмкін. Бірінші нұсқа product placement (өнімді кадрде орналастыру) болып табылады. Бұл жасырын жарнама, ол вайнда пайдаланылатын реквизит нақты компаниялардың өнімдері болып табылады. Егер компания өнімдері істері алға басқан вайнерлер ролигінде жарияланса, мұндай жарнама құны 200 мың теңге тұруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   432




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет