Әр командаға арналған ресурстар: Маржанды
имитациялайтын заттар
(бақалшақтар, моншақтар, тиындар және
т.б.).
Барлық 4 кезеңдегі өнім құнын жазуға арналған таза парақтар жиынтығы.
алушыға ұсынылатын сату сомасын және сатушыға ұсынылатын сатып алу сомасын мәлімдеңіз.
Бұл мысал топтың қалған қатысушыларына сауда-саттық процесін түсіну және тең мәнді бағаны анықтау үшін қажет.
Ойын ережелерін түсіндіріп, сатушыларға «маржандарды» таратып беріңіз.
Маржандарды сатып алу-сату мәмілесі бойынша 1ші кезеңді өткізу. Әр командаға сатып алушылар үшін ең жоғары баға мен сатушылар үшін ең төменгі баға көрсетілген картаны көрсетіңіз. Сатып алушылар мен сатушылар көрген бағаны сауда-саттықтың соңына дейін бір-біріне айтпауы тиіс. Сатушылар мен сатып алушылар саны тең болуы маңызды. Кезеңнің соңына дейін барлық қатысушылар құн жөнінде келісуі қажет. Сатушы маржанды сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағазды берген кезде мәміле аяқталған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға жазу қажет.
Маржанды сатып алу-сату мәмілесі бойынша 2-ші кезеңді өткізу. Сатып алушылар мен сатушылар рөлдерін ауыстыруы керек. Сатушылар мен сатып алушылар саны жұп болуы тиіс. Сатушылардың ең төменгі бағасы және сатып алушылардың ең жоғарғы бағасы
өзгереді. Әр командаға
сатып алушылар
үшін ең жоғары баға мен
сатушылар үшін ең
төменгі баға көрсетілген
картаны көрсетіңіз.
Сатып алушылар мен
сатушылар көрген
бағаны сауда-саттықтың соңына дейін бірбіріне айтпауы тиіс. Сатушы інжу-маржанды сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағаз берген кезде мәміле аяқталған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға жазу қажет.
Маржанды сатып алу-сату мәмілесі бойынша 3-ші кезеңді өткізу. Бұл кезеңде жұмбақ вирус асшаянның көпшілігін жояды, бұл нарықтағы інжу-маржанды санына әсер етті. Осыған байланысты сатушылар саны сынып оқушыларының 1/3 санына дейін азаяды және сатып алушылар саны 2/3-ке дейін артады. Оқушылардың бір бөлігін сатып алушыларға қоса отырып, жаңа топтар қалыптастырыңыз. Келіссөздерге сай кезеңді бастаңыз, енді бәрі маржан сатып ала алмайды және сатып алушылардың бір бөлігі тауарсыз қалады деп жариялаңыз. Сатушы маржанды сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағаз берген кезде мәміле аяқталған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға жазу қажет. Кезең аяқталғаннан кейін нарық қатысушыларының мінез-құлқы өзгеретіндей, сценарийде не өзгергенін сұраңыз.
Маржанды сатып алу-сату мәмілесі
бойынша 4-ші кезеңді өткізу. Нарықтағы жаңалық-алмаздың құны өндіру құнының жеңілдеуіне байланысты күрт төмендеді, өйткені алмаз інжу-маржан алмастырушы өнімі болып табылатындықтан, маржан сатып алғысы келетіндердің саны қысқарады. Сатушылар саны 2/3-ге дейін артып, сатып алушылар саны 1/3-ге дейін қысқарады. Сатып алушылардың бір бөлігін сатушылар қатарына қосып, келіссөздер кезеңін бастаңыз. Енді бәрі бірдей өз өнімі – маржанды сата алмайды, және сатушылардың бір бөлігі ұтылуы мүмкін деп жариялап, келіссөздер кезеңін бастаңыз. Сатушы інжуді сатып алушыға берген, ал сатып алушы сатушыға құны көрсетілген қағаз берген кезде мәміле аяқталған болып есептеледі. Әр мәміленің бағасын тақтада кезең нөмірі көрсетілген бағанға жазу қажет. Кезең аяқталғаннан кейін нарық қатысушыларының мінез-құлқы өзгеретіндей, сценарийде не өзгергенін сұраңыз.