Тапсырма шартының түсінігі мен элементтері.Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Тапсырма шарты сенім білдірілген өкіл жасауға тиіс іс-әрекеттерді анықтау үшін арналады. Тапсырма шарты жазбаша ны-санда жасалуға тиіс.
Тұрмыстық (кәсіпкерлік емес) тапсырма шарты жалпы ереже бойынша ақысыз болып табылады. Тапсырма шарты шарттың бір немесе екі тарабымен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болған жағдайларда, ол жалпы ереже бойынша ақылы болып табылады. Тапсырма шарты консенсуалды шарт. Ол оның мәнді жағдайы бойынша келісімге келген сәттен бастап бекітілуі деп есептеледі. Оның мәндіжағдайы болып шарт пәні туралы жағдай табылады.
Тапсырма шартының тараптары болып сенім білдіруші жәнесенім білдірілген өкіл табылады. Тапсырма оған азаматтық құқықтық қатынастар субъектілерінің кеңінен қатысу мүмкіндігімен сипатталады. Тапсырма қатынастарына қатысудың критерийі болып әрекет қабілеттілік табылады. Тапсырма шартына 14 жастан 18 жасқа ішінара әрекет қабілеттілігі бар азаматтардың қатысуы жоққа шығарылмайды.
Заңды тұлғалар тапсырманы бере де алады, орындай да алады. Жалпы ереже бойынша коммерциялық емес заңды түлғалардың сенім білдірушілері үшін коммерциялық өкілдікті жүзеге асыратын сенім білдірілген өкілдер ретінде шығуға жол берілмейді. Олар өздеріне рұқсат етілген коммерциялық қызмет кезінде коммерциялық өкілдер бола алады.